ШҚО-да санитарлық талаптарды сақтамаған тағы 20 жағдай тіркелді

28 Мамыр 2021, 02:20
2860
Бөлісу:
ШҚО-да санитарлық талаптарды сақтамаған тағы 20 жағдай тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда облыстың бас санитарлық дәрігері белгілеген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша рейдтер жүргізілуде, деп хабарлайды Алтайньюс.

Мониторингтік топ Өскемен қаласында 159 нысанды тексеріп, шектеу шараларын бұзған 6 жағдай анықталды. Сондай-ақ жалпы соммасы 131 265 теңгені құрайтын айыппұл салынды.

Семей қаласында 280 кәсіпкерлік нысанға рейд жүргізілді. Мониторингтік топтар сауда үйлерінде, базарларда және қоғамдық тамақтану объектілерінде маскалық режимді бұзған 9 жағдайды анықтады. Сонымен қатар 43 755 теңгені құрайтын 1 хаттама толтырылып, 41 755 теңгені құрайтын 1 айыппұл өндірілді.

Монитоингтік топтар Риддер қаласында 5 рейд жүргізіп, оның барысында 77 нысанды аралады. Нәтижесінде 1 құқық бұзушылық анықталып, 43 755 теңген айыппұл өндірілді.

Ал Глубокое ауданында 123 кәсіпкерлік нысанында 18 рейд өтіп, маскалық режимді бұзудың 2 жағдайы анықталды.

Шемонаиха ауданында 77 нысан рейдтік іс-шарамен қамтылды. Нәтижесінде маскалық режимді бұзған 2 жағдай анықталды.

Өзгелердің жаңалығы