Түркістан облысының полицейлері жоғалған төрт баланы тауып, ата-анасына тапсырды

28 Мамыр 2021, 11:38
3748
Бөлісу:
Түркістан облысының полицейлері жоғалған төрт баланы тауып, ата-анасына тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, тез арада көмек керек екенін айтады. Әйелдің айтуынша, оның 11 жастағы қызы мен 7, 5, 4 жастағы ұл балалары таңертеңгі уақытта үйдің ауласында ойнап жүрген. Біршама уақыттан кейін  балалады таба алмай қалады. Анасы өзі ары-бері іздеп, жарты сағаттай уақытын жұмсайды. Іздеуден нәтиже шықпағаннан кейін, полицейлерден жәрдем сұрайды. 

Бір отбасының 4 бірдей жас балалары ұшты-күйлі жоғалғанын естіген полицейлер, оларды аман-есен үйіне қайтару үшін бірден әрекет етті. Оқиға орнына бірнеше топқа бөлінген тәртіп сақшылары жедел жетті. Жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Куәгерлерден сұрастырды, көше-көшені, үйлерді ретімен мұқият қарап шықты. Одан бөлек, қараусыз қалған үйлер де тыңғылықты тексерілді. Бірнеше сағатқа созылған полицейлердің іздестіруі оң нәтиже беріп, балалар 8 шақырым қашықтықтағы басқа көшеден табылды. Осылайша ойнап жүріп адасқан бүлдіршіндерді ювеналды полиция тобының инспекторы полиция майоры Тойлыбай Қоштаев дін аман тапты. Тәртіп сақшылары ата-анасына түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - делінген ақпаратта.
Балалардың анасы тәртіп сақшыларына шынайы ризашылығын жеткізді. 
Айтарға сөзім жоқ, полицейлерге үлкен алғыс! Ойнап жүріп, бір сәтте көзден таса болған балаларымды екі сағат бойы іздеп, тауып бергенін ерлікке балар едім. Жұмыстарына табыс тілеймін. Осылай қашанда елдің қорғаны болып жүре беріңіздер, -деп өз інің ақжарма тілегін жаудырды.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға балаларға абай болып, оларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.


Өзгелердің жаңалығы