Шенеунік Қазақстандағы тұрғын үй бағасы қымбаттауының себебін атады

28 Мамыр 2021, 14:46
6983
Бөлісу:
Шенеунік Қазақстандағы тұрғын үй бағасы қымбаттауының себебін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жаңа үйлер яғни бастапқы нарықтағы үйлердің бағасы 5,5, екінші нарықтағы үйлердің бағасы 12,3 пайызға қымбаттады. Бұл туралы Open Space-те өткен конференцияда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин айтты.

Тұрғын үй бағасының жағдайы тұрақталған жоқ. Қазір құбылмалы жағдайда болып тұр. Бұл сонысымен де ерекшеленеді. 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында жаңа тұрғын үй бағаларының өсуі 5,5 пайызды құрады. Былтырғы жылдың дәл осы кезеңінде мұндай өсу 1,5 пайыздан аспаған. Биылғы екінші деңгейлі тұрғын үйдің бағасы көтерілді. Яғни 12,3 пайызға дейін өсті. Өткен жылы 2,2 пайызды құрап еді, - дейді Серік Жұманғарин.

Оның  айтуынша, биыл қаңтардан сәуірге дейінгі сату-сатып алу операцияларының саны былтырғы жылмен салыстырғанда 2,5 есеге көбейген (175 040).

Мемлекет басшысы қабылдаған соңғы іс-шаралар мен құрылыс материалдарының қымбаттауы тұрғын үй нарығына әсерін тигізіп жатқанын атап кетті.

Сонымен қатар Серік Жұманғарин құрылыс құрал жабдықтарының қанша пайызға қымбаттағанын айтты.

Қаңтар және сәуір айларында отандық құрылыс жабдықтарының өсуі 16 пайызды, құрылыс компаниялары сатып алатын материалдардың бағасы 0,5 пайызды құрады. Былтырғы жылы өсім 0,5 пайыз болған, - дейді ол.

Олжас АДАЙ
Өзгелердің жаңалығы