Сириядағы сайлауда Башар Асад жеңіске жетті

28 Мамыр 2021, 11:05
1325
Бөлісу:
Сириядағы сайлауда Башар Асад жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сирияда өткен президент сайлауында 95,1% дауыс жинаған елдің қазіргі президенті Башар Асад жеңіске жетті, деп жазды korrespondent.net.

Асадпен қатар сайлауға түскен парламент депутаты, социал-юнион партиясының өкілі Абдалла Саллюм Абдалла мен патриоттық оппозиция атынан түскен Махмуд Ахмед Мураи 1,5% және 3,3% дауыс жинады.

Электораттың 78%-ы дауыс берген. Осылайша 2000 жылдан бері Сирия президенті болып келе жатқан Башар Асад өз қызметінде тағы жеті жылға қалды.

Естеріңізге сала кетейік, Сирияда президент сайлауы 26 мамырда өткен. Сол күні 12 мың сайлау учаскесінің жұмысы дауыс берушілердің көптігінен бес сағатқа ұзартылды.

Өзгелердің жаңалығы