Нысана көздеуден ел чемпионатының нәтижелері

28 Мамыр 2021, 07:16
1314
Бөлісу:
Нысана көздеуден ел чемпионатының нәтижелері

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қысқакалибрлі қарудан нысана көздеуден Қазақстан чемпионаты жалғасуда.

Қысқакалибрлі тапаншамен 25 метрге нысана көздесуден Ольга Аксенова топ жарды. Екінші орында Ирина Локтионова, үшінші сатыда Елена Файнберг. 

Сондай-ақ 50 метрге нысана көздесуден Елизавета Король ел чемпионы атанды. Күміс жүлдені Елизавета Безрукова, қола медальді Дарья Калинина еншіледі.
Ерлер арасындағы сында 50 метрге нысана көзде

уден Валерий Рақымжан жеңіске жетті. Максим Мазепа екінші, Владимир Исаченко үшінші орыннан көрінген.  Ел чемпионатында 140-тан аса спортшы бақ сынауда. Турнир бүгін,  28 мамырда аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы