Шетелде жүрген қазақстандықтар анықтамаларды eGov.kz арқылы ала алады – министр

28 Мамыр 2021, 22:25
4683
Бөлісу:
Шетелде жүрген қазақстандықтар  анықтамаларды eGov.kz арқылы ала алады – министр

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шетелде жүрген кез келген қазақстандық некені қию немесе бұзу, баланың тууын тіркеу, аты-жөнін өзгерту бойынша қызметтер мен қайтыс болуы туралы анықтаманы eGov.kz арқылы ала алады.

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты. 

 

Шетелде жүрген отандастарымыз маған үнемі мемлекеттік қызмет алу барысындағы түйткілдерді айтып, мәселені шешу жөнінде өтініш-хабарламалар жолдайды. Бір парақ анықтама алу үшін мыңдаған шақырымнан елге оралуға мәжбүр болатын. Сондықтан осындай қызметтерді egov порталына енгізуге шешім қабылдадық. Қазір шетелде жүрген кез келген қазақстандық некені қию немесе бұзу, баланың тууын тіркеу, аты-жөнін өзгерту бойынша қызметтер мен қайтыс болуы туралы анықтаманы eGov.kz арқылы ала алады.Осы жобаны жылдам жүзеге асырған «ҰАТ»АҚ-дағы әріптестеріме ризашылығымды білдіремін, - деп жазды министр.
 

Бүгінгі таңда бұл сервисті 23 елдегі отандастарымыз қолдана алады.  

Біз біртіндеп енгізілу аясын кеңейтеміз. Қазір төлқұжатты беру қызметіне қатысты жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Ақпараттық жүйелер мен Дип. поштаға байланысты күрмеулер болғандықтан, дайындалу мерзімі 80 күн боп тұр. Бұл мерзімді 30 күнге дейін шегеру бойынша пилоттық жобаны Мәскеуде іске қостық. Шетелдік мекемелерде арнайы база орнатып, мерзімді 18 күнге дейін қысқартуды көздеп отырмыз. Кейін пилоттың ауқымы кеңейіп, сұратымдар көбірек түсетін Франкфурт, Мюнхен, Берлин, Вашингтон, Нью-Йорк, Дубай және Сеул сияқты қалаларды қамтимыз, - деп жазды ол. 

Шетелде баланың тууын тіркеу үшін пайдаланушы қажетті жолдарды толтыруы, сұралған құжаттарды, консулдық алымды төлеу туралы чекті жүктеуі және өтінішке қол қоюы қажет. Қызмет көрсету мерзімі - 3 жұмыс күні. Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту үшін дәл осындай әрекеттерді орындауыңыз керек, бірақ мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды.


 

Өзгелердің жаңалығы