ШҚО. Масканы иегіңізге түсіріп жүрсеңіз айыппұл төлейсіз

28 Мамыр 2021, 22:57
6108
Бөлісу:
ШҚО. Масканы иегіңізге түсіріп жүрсеңіз айыппұл төлейсіз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО Риддер қаласының мониторингтік тобы 27 мамыр күні 77 нысанды аралады. Бұл туралы yk-news.kz сайты хабарлады.

Риддер әкімі Дмитрий Горький мониторингтік топтардың кезекті рейдінің нәтижелері туралы хабарлады.

Бір бұзушылық анықталды (масканы дұрыс тақпай, келушілерге қызмет көрсету). Бұған дейінгі рейдтерде қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 43 755 теңге көлемінде бір айыппұл салды (жұмыс орнында масканы иегіне түсіргені үшін), - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ШҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында «маска мұрынды, ауызды және иекті жауып, бетке шеттермен тығыз жанасып тұруы керек. Сөйлескен кезде масканы иекке түсіруге және шешуге, сондай-ақ оны қолға немесе мойынға байлауға болмайды» делінген.


Өзгелердің жаңалығы