«АЛЖИР» лагерінде болған әйелдердің лагерлік көші-қон картасы таныстырылды

28 Мамыр 2021, 17:02
5393
Бөлісу:
«АЛЖИР» лагерінде болған әйелдердің лагерлік көші-қон картасы таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Қазақстан халқы ассамблеясының кафедрасының доценті Халил Маслов Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде жас тарихшылармен кездесу барысында таныстырды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мемлекеттік комиссиясы құрылды. Бізде әр өңірде жобалық кеңсемізді құрдық. Өз кезегінде, біз ашаршылық, саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы әртүрлі зерттеулер жүргіземіз. Ең бастысы-мұндай күндерді ұмытпау үшін жас ұрпаққа қайғылы оқиғалардың хронологиясын жеткізу. Тәуелсіздікке қол жеткізу оңай болған жоқ. Өскелең ұрпақ біздің қандай жолмен тәуелсіз елге айналғанымызды білуі керек. Сондықтан университет тарапынан жоғары, орта білім студенттерімен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар тарихқа, ғылымға қызығушылық туғызады, - деді жас ғалым.

Халил Маслов Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де жас ғалымдардың архивті зерттеу бойынша жобалар арнайы бөлінсе деген ұсыныс айтты.

Комиссия құрамында 57 ғалым бар. Комиссияның 11 тобы құрылған болатын. Оның 8-ші тобы қуғын-сүргін құрбандарының отбасы мүшелерін ақтау туралы құрылды. Оны ЕҰУ-дің ҚХА кафедрасының меңгерушісі Калашникова басқарады. Осыған байланысты «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің қызметкерлері және Қарағанды университетінің ғалымдарымен, оқытушыларымен карта жасалды. Бұл картаны «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің басшылығына бергіміз келеді. Ол әртүрлі елді мекендерден келген Отанға опасыздық жасаушылардың әйелдерінің Ақмола лагерінің барлық тұтқыны туралы ақпаратты көрсетеді. Карта жас ғалымдар мен зерттеушілер үшін пайдалы құрал болады деп үміттенеміз. Алдағы уақытта ауқымды зерттеулер жүргізілетін болады, олардың нәтижелерін сіздермен бөлісеміз, - деді ол.

Өз кезегінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жас ғалымдарға жүргізілген зерттеулер үшін алғыс айтып, айтылған барлық ұсыныс ескерілетінін, министрліктің арнайы жобасы арқылы ғалымдар өз бастамаларына қолдау көрсететінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы