Елордада үлескерлерден ақша алуға құқығы жоқ компаниялардың тізімі жасалды

28 Мамыр 2021, 18:48
2810
Бөлісу:
Елордада үлескерлерден ақша алуға құқығы жоқ компаниялардың тізімі жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қолданыстағы заңнаманы аттап өтіп жасалған барлық мәмілелер, оның ішінде алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты, төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне жарамсыз болып саналады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тұрғындардың өз ақшасына сақ болуын және рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алудан бас тарту керектігін ескертеді.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілгендей үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылады, - делінген ақпаратта.

Үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімі төменде көрсетілген:

 

Тапсырыс беруші

Объектінің атауы

1

«BS Company» ЖШС (Би Эс Компани"

Комсомольский т.а. ЖҮ және паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй, Қыз Жібек к-сі, 30/1

2

«White Gold Development» ЖШС

Салынған үй-жайлары және паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені, № 26 және № 36 жобалық атауымен тұйық көшесі

3

«First LQ» ЖШС

Қабанбай батыр даңғылы мен 277-көше қиылысындағы ЖҮ және паркингі бар КТК

4

«Лея» ЖШС құрылыс компаниялары тобы

көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, №26 мен 37 көшелерінің қиылысы (жобалық атауы).

«Лея за рекой»

5

«Лея» ЖШС құрылыс компаниялары тобы

көп пәтерлі тұрғын үй кешені Алматы ауданы, Қордай көшесі.

«Лея север»

6

«International invest Company IIC» ЖШС

Е.305 көшесіндегі ЖҮ және паркингі бар КТК

7

«Transcapital» ЖШС

ЖҮ және паркингі бар КТК, Е 344 к-сі, № 5 учаске

«Gold Land»

8

«АзияЦентрСнаб» ЖШС

Жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені Алматы ауданы, а91 және А92 көшелерінің қиылысы ауданы

«Жулдыз»

9

«Азия» ЖШС 

ЖҮ және паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй салу Сыртқы және инженерлік желілерсіз. Е547 және Е567 көш.

10

«NUR-Tas-2020» ЖШС

«А 83 және А 84 көшелері арасында салынған жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені

11

«Ақтас-М» ЖШС

Паркингі бар көп функционалды-әкімшілік-тұрғын үй кешені. Уәлиханов-Ақмола-Гастелло-Тархан көшелерінің шаршысында 1-кезек.

12

«Строительная фирма Astana Building» ЖШС

ЖҮ және паркингі бар КТК Б блогы. Ж. Нәжімеденов к-сі. Промышленный тұрғын алабынан оңтүстікке қарай.

«Ордабасы»

13

Құрылыс Салушы Салимов С. С.

Жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені

Алматы ауданы, А86 көшесі

«Sancy»

14

«Градум Строй» ЖШС

көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Ш. Қалдаяқов, №44 көшелердің және Тәуелсіздік даңғылының қиылысы

"Золотая миля"

15

«Техмонтажстрой» ЖШС 

Көп функционалды тұрғын үй кешенінің 1-кезегін салу, Тәуелсіздік даңғылы мен Ш. Қалдаяқов көшесінің қиылысы

16

«Байтас инвест» ТҚК

көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Комсомольский т.а., Ақан сері к-сі, №53 учаскесі

«One house»

17

«Ер-Тау» ЖШС

көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Сарыарқа ауданы, Кенесары мен Т.Шевченко көшелері

«Шавгар»

18

«Devolopment Building Group» ЖШС

Көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, І. Омаров к-сі

19

«Лея» ЖШС құрылыс компаниялары тобы

көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Алматы ауданы, А 62 және А91 жобалық атаулары бар көшелердің қиылысы.

«Лея station city»

20

МТС құрылыс компанияларының тобы

«KENAR Invest» ЖШС

Көппәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы мен Ш. Айтматов көшесі Е367, Е431 шаршысында

21

Хасенова Бибисара Закириевна

Тельман т.а. ЖҮ және паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Е 116 к-сі

22

«Жер Билдинг» ЖШС

Салынып жатқан көп пәтерлі тұрғын үй кешені және паркингі бар бизнес орталық

Есіл ауданы, Е 430 көшесі

«Табысты»

23

«Арзан 777» ЖШС

"А. Байтұрсынов және А85, А86 көшелерінің қиылысындағы жапсарлас үй-жайлары бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені

"Алтын Отау"

24

«Строй-Инвест-Групп KZ» ЖШС

(Жанұя инвест құрылыс компанияларының тобы)

Коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көпфункционалды тұрғын үй кешені Алматы ауданы Тәуелсіздік даңғылы, 34/8-үй

«Сапсан»

25

«Mars project» ЖШС

(Жанұя инвест құрылыс компанияларының тобы)

Коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көп функционалды тұрғын үй кешені Алматы ауданы, А85,А86,а91

«Қазанат-2 кезек»

26

«РДМ-СЕРВИС» ЖШС

(Стройкласс құрылыс компанияларының тобы)

Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е 126 және Е 182 көшелерінде орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешені (жобалық атауы)

«Hokkaido» (Хоккайдо)

27

(Стройкласс құрылыс компанияларының тобы)

Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы мекенжайы бойынша орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешені,

Қорғалжын тас жолы / Е көшесі 128

«Satti Jol»

28

«Mainstreet» ЖШС

Алматы ауданы, көппәтерлі тұрғын үй кешені, Б. Майлин 6  көшесі

«Парус»

29

«Береке Қурылыс 2030» ЖШС

"Коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй", Нұр-сұлтан қаласы, Пригородный тұрғын алабы, Қабанбай батыр даңғылы ауданы

30

ASTI Group Құрылыс компаниялары тобы

«Astana Real Estate Compаny» ЖШС

Көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Алматы ауданы, А 62 көшесі

31

«Астана – Таза су» ЖШС

Көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы мен Е418 көшесінің қиылысы

32

«Проектная компания Астана Девелопмент» ЖШС

Жапсарлас үй-жайлары және паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені

1-кезек, 4-полигон, 5-тұрғын үй тобы

Жаркент к-сі, 26

33

«Garant Investment» ЖШС

Нұр-Сұлтан қаласында жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені, "Есіл" ауданы, Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысы аумағы

34

«Аруана - ХХI» ЖШС

Көппәтерлі тұрғын үй кешені, Сарыарқа ауданы, Көктал тұрғын алабы

«Даулеткерей»

35

«Белая гора» ТҚК

Коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені

Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 34/2

« Silk way»

 

 


Өзгелердің жаңалығы