Көзі тірі болғанда Абайды да кәмпескелейтін еді – ғалым

28 Мамыр 2021, 13:03
8429
Бөлісу:
Көзі тірі болғанда Абайды да кәмпескелейтін еді – ғалым

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Деректі хроника» жинағының таныстырылымы кезінде белгілі ғалым Талас Омарбек осындай пікір айтты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу бойынша Республикалық ғылыми орталығының директоры Талас Омарбек аталған жинаққа енген көптеген деректен мысал келтірді.

Кітаптың бірінші томында негізінен Тұрағұл Абайұлына қатысты құжаттар көп екен. Оның өзін кәмпескелегені туралы, ешқандай байлығы болмаса да тәркілеуге ілгені туралы Голощекинге жазған арызы енгізілген екен. 50-ге жетер-жетпес малы болса да, Тұрағұлды тәркілегенін тарихтан білеміз. Ал Тұрағұлдың өзі айдауда жүріп Шымкент маңында қайтыс болғаны белгілі, – деді ғалым.

Сонымен қатар Талас Омарбек қазақ халқының көрген қудалауы, ашаршылық, қуғын-сүргінді Абай Құнанбайұлының да көруі мүмкін екенін айтты.

Мен бір нәрсеге ғана қуанамын. Ол – Абайдың 1904 жылы қайтыс болып кеткендігі. Егер көзі тірі болса, колхоздастыру кезінде сол кездегі әпербақандар Абайды да тәркілеп, масқара болатын едік. Абай ертерек қайтыс болып, осы абыройсыздықтан құтқарды бізді, – деді ғалым.

Өзгелердің жаңалығы