Қарағандыда әйел 3 жасар баласымен бірге терезеден секірмек болды

28 Мамыр 2021, 20:35
30181
Бөлісу:
Қарағандыда әйел 3 жасар баласымен бірге терезеден секірмек болды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда қолына үш жасар баласын алған 24 жастағы әйел терезеден секіріп кете жаздады. 

Төтенше жағдай 23 мамырда Восток-3 шағынауданында болған. Әйел баласымен бірге терезеден секірмек болған.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу аттанды. 24 жастағы әйел қолында 3 жасар қызы бар, бес қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтердің терезесінде отырған. Оқиға орнына Төтенше жағдай министрлігінің өкілдері мен жедел жәрдем қызметкерлері келді, - деді аймақ ПД баспасөз қызметі. 
Полиция қызметкері Қымбат Әлтаев пәтерге кіріп, секірмек болған әйел мен баласын аман алып қалды. 

Кейін әйелдің медициналық мекемеде есепте тұратыны анықталды. Әйелді тиісті ем-дом шараларын жүргізу үшін медициналық мекемеге жеткізді.


Өзгелердің жаңалығы