Шығыс Қазақстанда өрттен бес жасар бала құтқарылды

28 Мамыр 2021, 13:31
3723
Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда өрттен бес жасар бала құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында өрт кезінде 1 бала құтқарылып, 9 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Бородулиха ауданы Жезкент ауылының 5 қабатты тұрғын үйінде, бірінші қабатта орналасқан пәтерде өрт шықты. Оқиға орнына жеткен өртке қарсы қызмет қызметкерлері дереу тұрғындарды қою қара түтін басқан аймақтан эвакуациялауға кірісті. Барлығы 9 адам эвакуацияланды. Екінші қабаттан өрт сөндірушілер бес жасар баланы құтқарды.Үй тұрғындары медициналық көмекке мұқтаж болмады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.

Өрт болған пәтерде жұмсақ жиһаз, заттар, 13 ш. м. алаңдағы төбені өртенген. Өрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі техникасының сақталмауы. 

Тұрмыстағы электр қуатымен жазатайым оқиғалардың көпшілігі пайдалану ережелерін бұзу немесе ақаулы электр аспаптарын пайдалану, электр қуатын пайдалану кезінде абайсыздық пен немқұрайлылық, электр сымдарының дұрыс жұмыс істемеуі, электр құрылғыларын өздігінен бөлшектеу және жөндеу әрекеттері салдарынан болады.

Өзгелердің жаңалығы