Ұлттық статистика бюросының ресми өкілі тағайындалды

28 Мамыр 2021, 12:49
1687
Бөлісу:
Ұлттық статистика бюросының ресми өкілі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының және «Халық санағы-2021» ресми өкілі болып Олжас Сайлаубекұлы тағайындалды.

Олжас Сайлаубекұлы 1989 жылы ШҚО Көкпекті ауданында дүниеге келген. 2011 жылы Шәкәрім атындағы СМУ-ін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылы «Қазақстан-Семей» телеарнасы жаңалықтар қызметінің редакторы және жүргізушісі болып бастаған. 

Әр жылдары «КТК» телеарнасының Семей қаласындағы меншікті тілшісі, «Еуразия бірінші арнасының» арнайы тілшісі, «Пендеміз ғой» ток-шоуының жүргізушісі, Президенттік пул журналисі болып жұмыс істеген.

2020 жылдың тамыз айынан бері Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін атқарды.

Үйленген, бір қызы мен бір ұлы бар.

Өзгелердің жаңалығы