«Ұлы дaлa aлтыны» көрмeci Ұлыбританияға аттанады

28 Мамыр 2021, 10:10
2876
Бөлісу:
«Ұлы дaлa aлтыны» көрмeci Ұлыбританияға аттанады

Шығыc Қaзaқcтaн oблыcы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл «Ұлы дaлa aлтыны» көрмeci Ұлыбританиядағы Кeмбридж музейінде ұйымдастырылады.

Облыстық әкімдікте өткен отырыста өңiр басшысы Даниал Ахметов аймақ аумағында белгілі ғалымдар Зeйнoллa Caмaшeв пeн Әбдeш Төлеубаевтың жетекшілігімен археологиялық зерттеулердің жалғасып жатқанын атап өтті. Естеріңізде болса, бұған дейін Тарбағатай ауданының Елеке Сазы қорғандарынан біздің дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырға тиесілі кезеңнің 800-ден астам алтын бұйымдары табылған болатын. Сонымен қатар, біздің дәуірімізге дейінгі 9-11 ғасырларда сақтардың Ақбауыр аймағында отырықшылық өмір сүргені жайындағы деректер анықталды.

Біздің ғалымдарымыз қазақ мемлекетінің ерте заманғы тарихының трилогиясын жасау мақсатында жұмыстар жүргізуде. Өйткені, аталмыш кезеңнің деректері бізге толықтай жетпеген. Ол үшін ғалымдарымыз әлемнің алдыңғы қатарлы кітапханаларына барып, олардағы аталмыш кезеңге қатысты барлық ақпаратты зерделемек, -деді Даниал Ахметов.

Қоса кетсек, бүгінгі күні облыс аумағынан табылған 26 мыңнан астам құнды жәдігерлер еліміздегі музейлердің экспозицияларына қойылған. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан аумағында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары осы мамандықта білім алып жатқан жоғары оқу орындарының студенттерін ерекше қызықтыруда. Осындай жерлерде жақсы тәжірибе алатын олар, өткеніміздің құнды жәдігерлерін жинақтауға өз үлестерін қосуда.


Өзгелердің жаңалығы