ТЖМ: Табылған үш турист эвакуацияланды

28 Мамыр 2021, 16:09
1743
Бөлісу:
ТЖМ: Табылған үш турист эвакуацияланды
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысында табылған 7 туристің үшеуі эвакуацияланды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Табылған үш турист эвакуацияланды. Олардың хал-жағдайы жақсы, медициналық көмекке мұқтаж емес. Екеуі 1999 жылы және біреуі 2000 жылы туған. Олардың айтуынша үш күн бұрын екі топқа бөлініп кеткен, - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

ТЖМ: Табылған үш турист эвакуацияланды

Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері оларды ата-анасына табыстады.

Қалған туристерді іздестіру жұмыстары жалғастырылуда.

ТЖМ: Табылған үш турист эвакуацияланды

Айта кетейік, бүгін ТЖМ Түркістан облысында жоғалған жеті туристің үшеуі табылғанын мәлімдеген болатын.

Белгілі болғандай, 21 мамыр күні сағат 8 уақыт шамасында 7 адамнан құралған бір топ турист таулы жорыққа шыққан.

Туристердің Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.


Өзгелердің жаңалығы