Бүгінде бүкіл әлем ежелгі қаланың қарқынды дамуын бақылап отыр – министр

28 Мамыр 2021, 20:48
15658
Бөлісу:
Бүгінде бүкіл әлем ежелгі қаланың қарқынды дамуын бақылап отыр – министр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістанда өткен «Ұлы Жібек жолы – ұлы мұра» атты гибриттік форматтағы алғашқы туристік форум өтті.  

Бүгін Түркістанда өткен «Ұлы Жібек жолы – ұлы мұра» атты гибриттік форматтағы алғашқы туристік форумды өткіздік.Онда қонақтар туристік салада жұмыс істейтін бизнес-құрылымдардың өкілдері мен мамандары ежелгі қаланың тарихи-мәдени мұрасын сақтау және Жібек жолы бойындағы туристік бағыттарды дамыту мәселелерін талқыладық, - деп жазды Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бүгінде бүкіл әлем ежелгі қаланың қарқынды дамуын бақылап отыр – министр

Министр Түркістанда туризм саласына ерекше көңіл бөлініп, соңғы жылдары мыңдаған жұмыс орындары ашылғанын айтты.

Бүгінде бүкіл әлем ежелгі қаланың қарқынды дамуын бақылап отыр – министр

Түркістан көптеген ғасыр бойы Қазақ хандығының саяси және рухани өмірінің жүрегі болды. Бүгінде бүкіл әлем ежелгі қаланың қарқынды даму бағытын бақылап отыр. Бұл ретте туризм саласына ерекше көңіл бөлініп, соңғы жылдары Түркістанда мыңдаған жұмыс орындары ашылды, - деді ол.
Бүгінде бүкіл әлем ежелгі қаланың қарқынды дамуын бақылап отыр – министр

Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық және өзбек туроператорлары арасында Ұлы Жібек Жолы бойында жаңа туристік өнімдерді қалыптастыру бойынша ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

Бүгінде бүкіл әлем ежелгі қаланың қарқынды дамуын бақылап отыр – министр
Трансшекаралық маршруттардың географиясын одан әрі кеңейту мақсатында форумға қатысушылар ТОП-10 кіретін басқа дестинацияларда, мысалы, Ақтау немесе Бурабай сынды курорттық аймақтарда келесі кездесулерді өткізуді жоспарладық. Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық және өзбек туроператорлары арасында Ұлы Жібек Жолы бойында жаңа туристік өнімдерді қалыптастыру бойынша ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды, - деп жазды министр.

Бүгінде бүкіл әлем ежелгі қаланың қарқынды дамуын бақылап отыр – министр

Сондай-ақ министр Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары – туризм және спорт министрі Азиз Абдухакимов бастаған өзбек делегациясын ежелгі Түркістанның киелі орны - Қожа Ахмет Яссауи кесенесімен, Ботаникалық бақпен, «Ұлы Дала Елі» орталығымен, «Керуен сарайы» кешенімен таныстырды.  


Өзгелердің жаңалығы