Әскери техникаға арналған «қызмет көрсету орталығы» іске қосылды

28 Мамыр 2021, 19:34
16397
Бөлісу:
Әскери техникаға арналған «қызмет көрсету орталығы» іске қосылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы қару-жарақ пен әскери-техниканы сақтау және жөндеу базасында жөндеу цехы пайдалануға берілді.

Бұл – Қазақстан Қарулы күштері тарихындағы оқ атуды басқару жүйесін, атыс құралдарын, күш қондырғысын, жүріс бөлігін және арнайы электр жабдықтарын қоса алғанда, броньды танк техникасы мен зымыран-артиллериялық қару-жараққа кешенді жөндеу жүргізе алатын алғашқы цех. Оны іске асыратын қажетті құрылғылары мен өндірістік қуаты бар мамандандырылған учаскелері және төрт пост бар.

Әскери техникаға арналған «қызмет көрсету орталығы» іске қосылды

Цехтың құрылымын жобалау және құру полковник Асылбек Сатыбалдиновтың басшылығымен ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығы басқармасының бастамасымен және тікелей қатысуымен орындалды.

Аталған объектінің аумағы 900 шаршы метрді құрайды. Ол Ресей, Германия және Қытайдан әкелінген соңғы үлгідегі диагностикалық, көтергіш, дәнекерлеу, монтаждау жабдықтарымен жабдықталған.

Әскери техникаға арналған «қызмет көрсету орталығы» іске қосылды

Қарулы күштердің жоғары білікті штаттық мамандары – әскери бөлімдерде де, әскери зауыттарда да жан-жақты жұмыс тәжірибесі бар әскери қызметшілер мен азаматтық персонал жөндеу жұмыстарын атқарады.

Штаттық әскери бөлімшелердің күшімен жөндеу жүргізу ең алдымен жоғары жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Техника қысқа мерзімде жедел түрде қалпына келтіріледі. Мысалы, танкті жөндеу жұмысының күрделілігіне байланысты біздің мамандар оны 10-15 күнде жөндей алады. Сондай-ақ бұл бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдейді. Ал заңнамаға енгізілген өзгерістердің қабылдануымен Қорғаныс министрлігі қосалқы бөлшектер мен жиынтықтарды өз бетінше сатып ала алады, – дейді Тыл және қару-жарақ бастығы полковник Асылбек Сатыбалдинов.

Әскери техникаға арналған «қызмет көрсету орталығы» іске қосылды

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев цехты аралау барысында басқа өңірлерде де осындай «қызмет көрсету орталықтарын» ашу мәселесін пысықтау қажеттігін атап өтті. 

Әскери техникаға арналған «қызмет көрсету орталығы» іске қосылды

Бұл әскери техниканың жауынгерлік әзірлігін қажетті деңгейде ұстауды қамтамасыз етеді, қару-жарақты жөндейтін орындарға тасымалдауға кететін уақыт пен шығындарды азайтады. Сондай-ақ қорғаныс ведомствосының басшысы Тыл және қару-жарақ басқармасының соңғы жылы жүргізген ауқымды жұмысын айтты. Атап айтқанда, әскери қызметшілер үшін азық-түлік үлесінің құнын арттыру мәселесі шешілді. Әскери нысанды жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ұзақ жылдар ішінде алғаш рет әскери мүлікке толық түгендеу жүргізілді.

Пайдаланылмайтын әскери мүлік одан түскен қаражатты өткізу, сондай-ақ оны ел бюджетіне жіберу үшін уәкілетті органға беріледі.

Қорғаныс министрі осы іс-шараларға қатысқандардың бәріне, сондай-ақ Тыл және қару-жарақ бастығына жеке алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы