Все новости за 17 қыркүйек 2026
-
-
Қазақстан мен Италия стратегиялық серіктестікті нығайтуды талқылады
Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған "B5+Италия" диалог алаңының Орталық Азия елдері мен Италия арасындағы іскерлік байланыстарды дамытудағы рөлі де сөз болды.
-
Ұлытауда мал ұрлығына қатысы бар 2 қылмыстық топ ұсталды
Күдіктілердің 13 мал ұрлығы дерегіне қатысы бары анықталды
-
Жетісуда жүк көліктері автоматты салмақ бақылауын айналып өтіп жүргені анықталды
Жетісу облысында жүк көліктері автоматты салмақ бақылауын айналып өтіп келген. Тасымалдаушылар «Сарыөзек – Көктал» тасжолындағы бақылау бекетін айналып өту үшін өндірістік қажеттіліктерге арналған техникалық жолды пайдаланған.
Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен «ҚазАвтоЖол» жолдарды жауып, қа
-
Алматыда 9 мыңнан астам электросамокат айып тұрағына қойылды
Полиция өкілінің сөзінше, кикшеринг компаниялары самокаттардың қауіпсіз әрі талапқа сай қолданылуын қамтамасыз етуі керек. Көліктің техникалық жағдайы жарамды болып, сәйкестендіру нөмірі болуы тиіс.
-
Түркістан облысында браконьерлерден 260 келіден астам балық тәркіленді
Олардан 264 келі әртүрлі балық, сондай-ақ қайық және балық аулау торы тәркіленді.
-
«Асфальт қолмен жұлынады»: Степногорскідегі жағдайға әкімдік түсініктеме берді
Степногорск қаласында жол жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру кезінде жаңадан төселген асфальттың талапқа сай еместігі анықталды. Тексеруге қатысқан депутат жол жабынының бір бөлігін қолмен-ақ жұлып алған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Видеода көрсетілгендей, тексеріс 6-шағынаудандағы №11 үйдің ау
-
Келесі жылы Қазақстанда 11 жастағы ұл балаларға адам паппиломасына қарсы вакцина салына бастайды
Құрылтайда 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы талқыланып жатыр.
-
Үндістан портында ұсталған кемеде Қазақстан азаматы болған: ҚР СІМ мәлімдеме жасады
Үндістан Республикасының Парадип портында 23 теңізшіден тұратын экипажы бар MT UNITY кемесі ұсталды. Теңізшілердің бірі - Қазақстан Республикасының азаматы. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кеменің ұсталуы о
-
Аялдаманың шынысын сындырған жасөспірім жауапқа тартылды
Астанада жасөспірім аялдама павильонының әйнегін сындырғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Бөгенбай батыр даңғылында полиция қызметкерлері аялдама павильонының әйнегін зақымдау фактісін тіркеді.
Тексеру барысында құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол 17 жастағы жасөспірім болып шықты.
Анықталға
-
Қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізу 2029 жылға шегерілді
Қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізу 2029 жылға ауыстырылады
-
Теңге қайтадан нығайды
KASE-тегі кешкі сауда-саттықтан кейін доллар 0,25 теңгеге арзандап, 444,58 теңге белгісінде тоқтады. Осы орайда Астана, Алматы және Шымкент қалаларының айырбастау пунктерінде өз валюта бағамдары шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана
Еуро 509 теңгеден қабылданып, 519 теңгеден сатылуда.
Долларды 443
-
Астанада жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деген ер адам сотталды
Несие алуға байланысты алаяқтық схемаға тосқауыл қойылды.
-
Павлодарда жоғалып кеткен бала бөтен көліктен табылды
Бала аулаға ойнауға шығып, лезде із-түзсіз жоғалып кеткен. Полиция оны үш сағаттан кейін басқа бір көліктің ішінен тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады. Кезекші бөлімге баланың жоғалғаны туралы оның анасы телефон шалып, болған жайтты айтқан.
Әйелд
-
Қазақстанда қазан айында ауа райы қандай болады? – Синоптиктер болжамы
Биыл Қазақстанда қазан айы әдеттегіден жылы болады деп күтілуде. «Қазгидромет» болжамы бойынша, елдің басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 °C жоғары болады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Былтыр қазан айында ауа райы қандай болды?
Салыстыру үш
-
ЖИ-агенттер адамдарға түсініксіз ортақ тіл ойлап тапты
Ғалымдар виртуалды зерттеуде 80 жасанды интеллект агенті тез арада ортақ тіл құрып алғанын айтты. Олардың хабарламаларының бір бөлігі сырттай бақылаушылар үшін түсініксіз болып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Emergence World зерттеуіне сілтеме жасап.
Emergence AI зертханасының мамандары аге
-
Астанада қаржы пирамидасына адам тартқан әйел 5 жылға сотталды
«World Business Consulting» қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша астаналық әйел бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сот деректері бойынша оның әрекетінен екі жәбірленуші жалпы сомасы шамамен 23 млн теңге болатын қаражаттарынан айырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сот анықтағандай, әйел «World Busin
-
Қазақстанда балалар өлімі 38,5%-ға төмендеді: Негізгі себептер қандай?
Қазақстанда нәрестелер өлімі азайып келеді. Алайда жыл сайын мыңдаған бала өмірінің алғашқы жылдарында көз жұмады. Басты себептер қандай және республика көрсеткіштері басқа елдерден қалай ерекшеленетінін қарастырып көрейік.
Energyprom мәліметінше, 2021-2025 жылдары Қазақстанда бес жасқа дейінгі бал
-
«Алтын виза»: 300 мың доллар Қазақстан экономикасына не береді?
Қазақстанда «алтын виза» алу үшін шетелдік инвестор кемінде 300 мың доллар инвестиция салуы керек. Алайда экономистер бағдарламаның тиімділігін берілген визалар санымен немесе елге кірген қаржы көлемімен ғана бағалау жеткіліксіз екенін айтады. Инвестиция жаңа өндіріс пен жұмыс орындарын ашуға жұмсал
-
Атыраудың ауасын не ластап жатыр: Тұрғындар шағымынан кейінгі тексеру нені көрсетті?
Қыркүйек басталғалы Атырау тұрғындары қаланы жайлаған өткір иіске бірнеше рет шағымданды. Алдымен бұл мәселе Threads пен басқа да әлеуметтік желілерде көтерілді. Кейін тұрғындар «109» қызметіне хабарласа бастаған. Жауапты органдар жүргізген алғашқы зерттеулер ауадан шекті мөлшерден асқан ластаушы за
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министріне жеделхат жолдады
Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне жеделхат жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Модидің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модидің тегеурінді әрі парасатты басшылығымен Үндістан
-
Пластикалық отадан кейін қазақстандықтың бір көзі көрмей қалды
Шымкентте пластикалық хирургия саласында заңсыз қызмет көрсету ісі бойынша сот үкімі шықты. Блефаропластика отасынан кейін пациент бір көзінен толықтай көру қабілетінен айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сот анықтағандай, отаны тиісті сертификаты мен медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы жоқ адам ж
-
Қаржы, тауар, құтқарушылар мен дәрігерлер: Қазақстан басқа елдерге гуманитарлық көмекті қалай көрсетеді?
Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде қаржы, тауар және мамандар жібере алады. Алайда мұндай шешімнің бір маңызды шарты бар.
-
Ақтау-Бейнеу жолындағы апат: Түйені қаққан көлік қарсы жолаққа шығып, 4 адам қаза тапты
Ақтау-Бейнеу тас жолында болған жол-көлік апаты салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы төртеуі зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Апат 16 қыркүйекте шамамен сағат 20:30-да республикалық маңызы бар автожолда болды. ЖКО-ға екі Toyota Camry көлігі қатысты.
Полицияның алдын ала мәліметтері бойынша, к
-
Қауіпті ойын: Балқашта екі оқушы 4-қабаттағы балконға терезе арқылы өтті
Балқашта екі оқушының төртінші қабаттағы қауіпті әрекеті полиция назарын аударды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқушылар қалай ойнады?
Балқаш қалалық полиция бөліміне тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде екі баланың көрші бөлменің терезесінен балконға өтіп жүргені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орн
-
Өмір сыйлайтын жасушалар: Қазақстанда сүйек кемігі донорлығы қалай жұмыс істейді?
Елімізде сүйек кемігін трансплантациялау жүйесі қалай жұмыс істейді? Донор болу үшін не істеу керек және бұл процедураның қандай да бір қаупі бар ма?
-
БҚО-да дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапты
Жәнібек ауданындағы өртті сөндіру кезінде ТЖД қызметкері ауыр жарақат алған. Ол ауруханада көз жұмды. Оқиғаға қатысты тексеру басталды.
-
Өскеменде ірі жол айрығының құрылысы аяқталуда
Өскемендегі ең ірі жол айрығының құрылысы аяқталуға жақын.
-
Словакия президенті Елена Рыбакинаны US Open-дегі жеңісімен құттықтады
Словакия президенті Петер Пеллегрини әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакинамен кездесіп, оны US Open турниріндегі жеңісімен жеке құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу Братиславадағы Президент сарайында өтті. Словакия президенті бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасын
-
Қазақстандықтар өмірін сақтандырудың пайдасын түсінбейді – сарапшылар
Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығы өсіп келе жатқанымен, азаматтардың бұл өнімге деген қызығушылығы әлі де төмен. Сарапшылардың пікірінше, мәселе тек қаржылық сауаттылықта емес, халықтың сақтандыруға деген көзқарасы мен компаниялардың жұмыс тәсілінде де жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстан мен Корея ғарыш саласындағы жаңа бағыттарды айқындады
Қазақстан мен Корея Республикасы ғарыш саласындағы ынтымақтастықты дамытып келеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің орынбасары – Премьер-Министрдің орынб
-
Ең төменгі жалақы өседі: Әмрин есептеулер дайын екенін айтты
Қазақстанда ең төменгі жалақы деңгейін арттыру мәселесі қайта қаралуы мүмкін. Құрылтайдан соң өткен брифингте Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналистер алдағы үш жылда ең төменгі жалақы қазіргі 85 мы
-
Ұлттық қор 2029 жылға дейін қалай толығады? Әмрин екі негізгі көзді атады
Ұлттық қорды толықтырудың екі негізгі көзі бар. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Құрылтай отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналист вице-министрден Ұлттық қор активтерін 2029 жылға қарай 70,6 млрд долларға дейін жеткізу үшін қаражат қ
-
Зайсан ауданында мүгедектігі бар 45 азаматтың құқығы қорғалды
ШҚО прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғады.
Зайсан ауданы прокуратурасы жүргізген талдау барысында денсаулық жағдайына байланысты өздігінен жүріп-тұруға және қажетті медициналық көмек алу үшін денсаулық сақтау ұйымдарына баруға мүмкіндігі жоқ 45 мүгедектігі бар адам анықт
-
Ұлттық қордағы 100 млрд доллар межесі 2030 жылдан кейін орындалуы мүмкін – Әмрин
Ұлттық қор активтерін 100 млрд долларға жеткізу міндеті 2030 жылға қойылғанымен, бұл межеге сәл кейінірек жету ықтимал. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Құрылтай отырысынан кейінгі брифингте мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Шынымен де, мұндай міндет 2030 ж
-
Ұлытауда тағы бір әкім ауысты: Сәтбаевты кім басқарады?
Есет Байкен Сәтбаев қаласының жаңа әкімін таныстырды. Кеңгірбай Смағұловтың еңбек жолы Жезқазған қаласындағы салық қызметінен басталған.
-
Халық кеңесіне бөлінген 1,7 млрд теңге нақты неге жұмсалады?
Халық кеңесінің жұмысын қамтамасыз етуге арналған шығыстар 1,7 млрд теңгеге жетеді. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Құрылтай отырысынан кейінгі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, Халық кеңесі бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде қарастыр
-
Бюджеттен үнемделген 44,4 млрд теңге қай шығыстардан қысқарды? Қаржы вице-министрі түсіндірді
2027 жылғы бюджет жобасын әзірлеу кезінде 44,4 млрд теңге көлеміндегі шығыс оңтайландырылды. Оның басым бөлігі мемлекеттік органдарды ұстап-күтуге байланысты. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Құрылтай отырысынан кейінгі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
BAQ.KZ тіл
-
«Синий китке» қатысы бар ма?: Зайсанда әйелді өлтірді деген күдікпен 15 жастағы оқушы қамалды
Полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктіге қамауға алу шарасын қолданды. Тергеуге қатысты өзге мәліметтер әзірге жарияланбайды.
-
Қазақстандық дәрігерлер Бішкекте әлі дүниеге келмеген екі балаға операция жасады
Қазақстан дәрігерлері Қырғызстанда екі күрделі жатырішілік емшара жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық мамандар Қазақстан медицинасы күндері шеңберінде Бішкек қаласындағы Ана мен бала денсаулығын сақтау ұлттық орталығының базасында екі күрделі жатырішілік емшара жүргізіп, қырғызстандық акуше
-
Қазақстанда өмірін сақтандыратындар көбейген
Қазақстанда сақтандыру секторы соңғы үш жылда айтарлықтай өсім көрсетіп, активтер көлемі екі есеге жуық ұлғайды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов Kazakhstan Insurance forum аясында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның ай
-
Қазақстан бюджетінің 44,4 млрд теңгесі үнемделді
Бюджет шығыстарын қайта қарау нәтижесінде 44,4 млрд теңге оңтайландырылып, тағы 3,1 млрд теңгені үнемдеу мүмкіндігі анықталды. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Құрылтай отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қаржы вице-министрінің айтуынша, бюджет қалыптастыру кезінде
-
Қазақстан Халық кеңесін құру үшін бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінеді
Қаржы вице-министрі Абзал Бейсембекұлы Құрылтайда Қазақстан Халық Кеңесін құруға қанша қаражат жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның мәлімдеуінше, қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және резервтер бағытына 2027 жылы 4,9 трлн теңге көзделген. Оның 3,3 трлн теңгесі күш блогына,
-
Баспанаңыз болса, оны табиғи апаттан сақтандыруға міндеттелуіңіз мүмкін: Ол қалай жұмыс істейді?
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Сақтандыру нарығы және актуарлық есептеулер департаменті директорының орынбасары Серікбосын Төлебеков BAQ.KZ берген сұхбатында табиғи апаттардан тұрғын үйді міндетті сақтандыру механизмін түсіндіріп берді.
Серікбосын Төлебековтің сөзінше, бұған
-
Қазақстанның Ұлттық қорындағы ақша 2029 жылы қанша миллиард долларға жетеді?
Қазақстанда аса маңызды нысандар мен ел үшін маңызы бар жобаларды қаржыландыруға Ұлттық қордан 2027 жылы 2 трлн теңге бағыттау көзделіп отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Вице-министр Мемлекет басшысы «үлкен құрылыс» бағытын айқынд
-
Бақытжан Базарбек қатысқан жол апаты: Зардап шеккен азамат 31 күннен кейін ауруханадан шықты
Нұржігіт Қошанов ауыр жарақатпен ауруханаға түскен еді. 31 күн ем алған 36 жастағы азаматтың қазіргі жағдайы белгілі болды.
-
Келесі жылы республикалық бюджет кірісі 19,9 трлн теңгеге жетпек
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин 2027-2029 жылдарға арналған бюджет пен Ұлттық қор параметрлерінің болжамын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, бюджет пен Ұлттық қор параметрлерінің болжамы макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы негізінде қалыптастырылған.
Бюд
-
2027 жылы инфляция 7,5-9,5 пайыз деңгейінде болжанып отыр
Экономиканың өсу драйверлерінің бірі ауыл шаруашылығы болмақ. Оның жыл сайынғы орташа өсімі кемінде 5 пайыз деңгейінде болжанып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Құрылыс саласында да жоғары қарқын сақталады.
Құрылыста өсу қарқыны 2027 жылы 16 пайыздан 2029 жылы 17,3 пайызға дейін артуы болжан
-
Қазақстан экономикасы 2027-2029 жылдары жылына 5%-дан жоғары өседі – болжам
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин еліміздің 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, болжам әлемдік экономиканың даму перспективалары мен сыртқы нарықтардағы жағдай ескеріле отырып әзірленген.
Халықара
-
Семейде 53 жастағы әйел TikTok эфирі үшін қамалды
53 жастағы әйелдің TikTok-тағы эфирін шамамен 12 мың адам көрген. Ол былапыт сөз айтып, әдепсіз әрекет көрсеткені үшін сотталды.
-
Бектенов инвестиция тарту жүйесін түбегейлі жаңартуды тапсырды: Не өзгереді?
Премьер-министр инвестициялық жобаларды іске қосу мерзімін қысқартып, инвесторларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған нақты жоспар әзірлеуді тапсырды.
-
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен Жезқазғанның жаңа әкімін таныстырды. Қала басшылығына бұған дейін Сәтбаевты басқарған маман келді.
-
Қазақстанда Hyundai Tucson-ның жаңа моделі шығарылады
Жаңа модельді өндіруге қажетті технологиялар Қазақстанға беріледі. Жоба Кореямен жасалған $67 млн келісім аясында іске асады.
-
Жезқазған әкімі қызметінен кетті: Қайрат Шайжанов тұрғындармен қоштасты
Қайрат Шайжанов Жезқазған әкімі қызметін аяқтағанын мәлімдеді. Ол қала тұрғындарына алғысын айтып, бұл шешімге қатысты жүрекжарды сөзін жеткізді.
-
Маңғыстауда көпсатылы әскери оқу-жаттығу басталды
Оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілердің өзара іс-қимылына, техниканың дайындығына ерекше назар аударылады.
-
Қазақстанда жылына 55 мың тонна «жасыл» сутегі өндіру жоспарланып отыр
Жобаның орындылығы расталған жағдайда, оның алдын ала құны шамамен 2 млрд АҚШ долларын құрайды.
-
Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа ластанады
Мамандар тұрғындарға ашық ауада ұзақ жүруден бас тартуға кеңес береді.
-
Қазақстандық дәрігерлерді оқытуға израильдік мамандар тартылуы мүмкін
Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов Израильдің Berman Group компаниясының директоры Марк Берманмен кездесті.
-
Шетелден грант пен қаржы алатындар нені білуі керек?
Шетелдік көздерден грант, қайырымдылық көмек немесе өзге де қаржыландыру алу фактісінің өзі салық заңнамасын бұзу болып саналмайды.
-
АҚШ-та пайыздық мөлшерлеме үш жылдан кейін алғаш рет көтерілді
Шешім инфляцияны тежеу мақсатында бірауыздан қабылданды.
-
Білім және жасанды интеллект: Қазақстан мен Ұлыбритания ғалымдары күш біріктірді
Ынтымақтастық аясында британдық ғалымдар дарынды балаларды анықтау мен олардың әлеуетін дамыту бойынша зерттеулерге ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетеді.
-
Суданда алтын кеніші опырылып, кемінде 67 адам қаза тапты
Судан дәрігерлер одағының мәліметінше, іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.
-
Сауд Арабиясы Оман арқылы мұнай жеткізілімін арттырмақ: Мұнай бағасы төмендеді
Сауд Арабиясы Оманның Сохар порты арқылы азиялық мұнай өңдеу компанияларына қосымша мұнай партияларын ұсына бастады.
-
Аяз, жаңбыр және тұман: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.
-
Еурокомиссия басшысы Канаданы ЕО-ның «қауымдастырылған мүшесі» етуді ұсынды
Қазіргі уақытта ЕО-да ресми «қауымдастырылған мүше» мәртебесі жоқ.
-
Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонында ірі өрт шықты
Қоқыс 400 шаршы метр аумақта жанған.
-
Сауалнама нәтижесі: Әлемде АҚШ-тың жаһандық көшбасшылығына қолдау төмендеді
Сауалнамаға қатысқандардың 61%-ы АҚШ пен Қытайдың қатысуынсыз да мемлекеттердің өзара ынтымақтасуын қолдаған.
Наверх