Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа ластанады

Мамандар тұрғындарға ашық ауада ұзақ жүруден бас тартуға кеңес береді.

17 Қыркүйек 2026, 08:11
АВТОР
 BAQ.KZ архиві 17 Қыркүйек 2026, 08:11
17 Қыркүйек 2026, 08:11
79
Фото: BAQ.KZ архиві

Бүгін, 17 қыркүйекте Қазақстанның сегіз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.

Болжам бойынша, қолайсыз метеожағдайлар Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Семей және Атырауда болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде желдің әлсіз болуы, тұман және инверсия сияқты факторлар атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етіп, ауа сапасын нашарлатуы мүмкін.

Мамандар тұрғындарға ашық ауада, әсіресе көлік көп жүретін жолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмеуге және даладағы физикалық белсенділікті шектеуге кеңес береді.

Наверх