Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов қала басшысы қызметіндегі жұмысын аяқтағанын мәлімдеді.
Құрметті Жезқазған қаласының тұрғындары, қадірлі жерлестер! Бүгін – мен үшін ерекше толқынысқа толы күн. Қала әкімі лауазымындағы қызметімді аяқтап, сіздермен қоштасатын сәт те келіп жетті, – деді Қайрат Шайжанов.
Ол өзіне сенім артып, қызмет барысында қолдау көрсеткен барша жезқазғандыққа шынайы алғысын білдірді.
Мен үшін Жезқазған – жай ғана қызмет атқарған қала емес. Бұл – тағдырыммен, еңбегіммен, естеліктеріммен байланысқан туған жер, – деді ол.
Айта кетейік, Қайрат Шайжанов Жезқазған қаласының әкімі қызметіне 2022 жылғы маусымда тағайындалған еді.