Қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізу 2029 жылға шегерілді

Қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізу 2029 жылға ауыстырылады

17 Қыркүйек 2026, 20:11
АВТОР
 Үкіметтің баспасөз қызметі 17 Қыркүйек 2026, 20:11
17 Қыркүйек 2026, 20:11
133
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 28-ші отырысында қатты пайдалы қазбаларды өндіруге салық салу, сондай-ақ несиелер мен шағын несиелер бойынша проблемалық берешекті есептен шығару кезінде жеке тұлғаларды жеке табыс салығынан (ЖТС) босату мәселесі қаралды.

Жиында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізу мерзімін ауыстыруды ұсынды. Жаңа Салық кодексінің нормалары оны 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бұрын жер қойнауын пайдалану құқығы берілмеген аумақтарда 2026 жылғы 31 желтоқсаннан кейін берілген лицензиялар бойынша өндірілген, соның ішінде өңдеуден өткен минералдық шикізат пен қатты пайдалы қазбаларды өткізу кезінде төлеуді көздейді.

Сонымен қатар техногендік минералдық түзілімдер бойынша салық базасын айқындау, роялтиді әкімшілендіру және жаңа лицензиялардың ерекшелігін, жобалардың капиталды қажетсінуін және ілеспе компоненттердің рентабельділігін ескере отырып, мөлшерлемелерді белгілеу мәселелері қосымша пысықтауды талап етеді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ақпаратына сәйкес, бұл мәселе кәсіпорындардың қаржы-экономикалық моделінде салааралық келісуді және тестілеуді талап етеді.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар роялтиді қолдану мерзімін 2027 жылғы 1 қаңтардан 2029 жылғы 1 қаңтарға ауыстыруды қолдады.

Наверх