Ұлттық қор 2029 жылға дейін қалай толығады? Әмрин екі негізгі көзді атады

17 Қыркүйек 2026, 13:45
 ©BAQ.KZ коллажы 17 Қыркүйек 2026, 13:45
17 Қыркүйек 2026, 13:45
81
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Ұлттық қорды толықтырудың екі негізгі көзі бар. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Құрылтай отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналист вице-министрден Ұлттық қор активтерін 2029 жылға қарай 70,6 млрд долларға дейін жеткізу үшін қаражат қандай көздерден түсетінін сұрады.

«Біріншісі – шикізат секторының салықтары, яғни мұнай секторынан түсетін қаражаттың барлығы Ұлттық қорға түседі. Екіншісі – Ұлттық банктің осы активтерді дұрыс басқарып, барынша көп кіріс табуы. Қаражат түсетін екі көз осы», – деді Әмрин.

Еске салайық, Құрылтай отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Ұлттық қордың таза валюталық активтері алдағы үш жылда өседі деген болжам ұсынған еді.

«Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2027 жылы 65,2 млрд АҚШ доллары деңгейінде болжанып, 2029 жылы 70,6 млрд долларға дейін ұлғаяды деп күтілуде», – деді вице-министр.

Наверх