Ең төменгі жалақы өседі: Әмрин есептеулер дайын екенін айтты

 ©BAQ.KZ архиві/Нұркен Алишев 17 Қыркүйек 2026, 14:02
17 Қыркүйек 2026, 14:02
9135
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Нұркен Алишев

Қазақстанда ең төменгі жалақы деңгейін арттыру мәселесі қайта қаралуы мүмкін. Құрылтайдан соң өткен брифингте Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Журналистер алдағы үш жылда ең төменгі жалақы қазіргі 85 мың теңге деңгейінде қала ма деп сұрады. Бұған дейін Қазақстанда ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру мүмкіндігі қарастырылып жатқаны хабарланған еді. 

«Негізінен есептеулер бар. Бұл мәселені Құрылтайда талқылайтын боламыз. Қандай шешім қабылданғанын айтамыз», – дейді Әмрин.

Құрылтай депутаты Татьяна Савельева 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының бірінші оқылымы 14 қазанда өтетінін айтады.

Оның сөзінше, бірінші оқылымға дейін республикалық бюджеттің негізгі параметрлері, оның ішінде кірістер мен шығыстар қаралады. Ал одан кейін салыстырмалы кестелерді талқылау жоспарланған.

«Құрылтай депутаттары ең төменгі жалақыға қатысты мәселені көтеріп жатыр. Оны 14 қазаннан кейін қараймыз», – дейді Татьяна Савельева.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх