Қазақстан Халық кеңесін құру үшін бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінеді

 ©BAQ.KZ коллажы 17 Қыркүйек 2026, 11:22
17 Қыркүйек 2026, 11:22
181
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсембекұлы Құрылтайда Қазақстан Халық Кеңесін құруға қанша қаражат жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оның мәлімдеуінше, қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және резервтер бағытына 2027 жылы 4,9 трлн теңге көзделген. Оның 3,3 трлн теңгесі күш блогына, 787 млрд теңгесі мемлекеттік басқаруға бағытталады.

Одан әрі Президент бастамаларын іске асыру үшін 470 млрд теңге көлемінде резерв қалыптастырылған. Осы қаражат аясында Қазақстан Халық Кеңесін құруға 1,7 млрд теңге қарастырылған.

Бюджет жобасын қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдардың бастапқы ұсыныстары да қайта қаралған. 2027 жылға мемлекеттік органдар жалпы 36,9 трлн теңге сұрады. Пысықтау нәтижесінде 30,2 трлн теңге көлеміндегі шығыстар қолдау тапқан. Яғни шамамен 6,7 трлн теңгенің ұсынысы бюджетке енгізілмеді, - дейді ол.

Оның ішінде 5,1 трлн теңге негізсіз мәлімделген шығыстар айтылды. 

Олар бойынша қажетті нормативтік құқықтық актілер, әдістемелер, тарифтер және растайтын құжаттар жоқ, нысаналы индикаторларға қол жеткізуге ықпал ету, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландыру қажеттілігі негізделмеген. Қалған 1,3 трлн теңге – бұл даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті шығыстар. Алайда, бюджеттің қолда бар мүмкіндіктерін ескере отырып, оларды жоспарлы кезеңде қаржыландыру мүмкін емес, – деп түйіндеді Бейсембекұлы.

Еске салсақ, 2027 жылы инфляция 7,5-9,5 пайыз деңгейінде  болжанып отыр.

Тағы оқи отырыңыз: Қазақстанның Ұлттық қорындағы ақша 2029 жылы қанша млрдқа жетеді? 

Келесі жылы республикалық бюджет кірісі 19,9 трлн теңгеге жетпек 

Наверх