Зайсан ауданында мүгедектігі бар 45 азаматтың құқығы қорғалды

17 Қыркүйек 2026, 13:18
АВТОР
 gov.kz 17 Қыркүйек 2026, 13:18
17 Қыркүйек 2026, 13:18
88
Фото: gov.kz

ШҚО прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғады. 

Зайсан ауданы прокуратурасы жүргізген талдау барысында денсаулық жағдайына байланысты өздігінен жүріп-тұруға және қажетті медициналық көмек алу үшін денсаулық сақтау ұйымдарына баруға мүмкіндігі жоқ 45 мүгедектігі бар адам анықталды.

Прокуратураның араласуынан кейін қадағалау актісі бойынша аудан әкімдігі жергілікті бюджеттен мамандандырылған «Инватакси» автокөлігін сатып алуға 26 млн теңге көлемінде қаражат бөлді. Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізіп, тиісті шарт жасасты және мамандандырылған автокөлік жеткізілді, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Қабылданған шаралар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін медициналық және әлеуметтік көмектің қолжетімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік берді.


Наверх