Все новости за 17 маусым 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысынан кейін Владимир Путинмен кездесу өткізді.
-
Президент Украинаның ЕО-ға мүше болу мүмкіндігіне пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинаның Еуропалық одақ құрамына қосылуы Еуразиялық экономикалық одаққа қандай да бір нұқсан келтірмейді. Бұл туралы Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.
-
Тоқаев Қазақстанға қатысты қисынсыз пікір білдіретін РФ депутаттарына наразылығын білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға қатысты қисынсыз пікір білдіретін ресейлік тұлғаларға наразылық білдірді.
-
Тоқаев Луганск пен Донецкке қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумында Луганск пен Донецкке қатысты пікір білдірді
-
Ұлттық ұлан сақшылары көлік ұрлаған азаматты ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда теміржол вокзалы аумағында кезекті патрульдік қызметте жүрген 5512 әскери бөлімінің сақшылары көшеде өзіне сенімсіз, мас адамша қисалаңдап жүрген адамды байқап қалады, деп хабарлайды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы.
-
Бір миллион салынған сөмке бейнебақылау камерасының көмегімен табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлеріне Қызылордалық тұрғын шынайы ризашылығын жеткізіп, алғыс бейнежазбасын жолдады, дейді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
-
Алматы облысында техникалық тексерудің жалған операторлары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыртқы талдау барысында 4 жалған операторды анықтады.
-
ЕҰУ-дің «Күміс университеті» 300-ден астам егде жастағы адамды оқытты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың басынан бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ үздіксіз білім беру тұжырымдамасы аясында «Күміс университет» жобасын қолға алды. Аға буын өкілдеріне арналған курстар елорда тұрғындары арасында сұранысқа ие.
-
Еліміздегі үздік медицина қызметкерлері марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммитінде елдегі үздік медицина қызметкерлерін марапаттады.
-
Давид Дегтярев парапауэрлифтингтен Азия чемпионы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Давид Дегтярев Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан парапауэрлифтингтен Азияның ашық чемпионатында жеңімпаз атанды деп хабарлады рrosports.kz.
-
Алматылықтар өзіне-өзі қызмет көрсету секторынан жарты миллионнан аса қызмет алған
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамын eGov порталында, eGov Mobile мобильдік қосымшасында және eGovKzBot2.0 телеграм ботында онлайн алуға болады.
-
Тоқаев: Қазақстан Үлкен Еуразиялық серіктестік құру үдерісін құптайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Жаңа әлем – жаңа мүмкіндіктер» атты Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынның пленарлық отырысына қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Павлодарда әйелді зорлаған күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда «102» нөміріне И. есмді әйел хабарласып, Ж азамат үйінде еркіне қарсы зорлағанын айтып, арызданған, -деп хабарлайды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы.
-
Қошанов түркі мемлекеттері Парламенттерінің жастар тобымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-сұлтан, 17 маусым, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері, ТүркПА-ның іс басындағы төрағасы Ерлан Қошанов жастар қанатының алғашқы отырысына қатысуға келген Жас парламентарийлермен кездесті.
-
Көкшетау қаласында тегін жеке жағажай ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.16 маусым күні Көкшетау қаласы Қопа көлінің жағасындағы жаңа жағалау маңында жеке жағажайдың салтанатты ашылуы өтті, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
-
Тоғжанов Президент атынан медицина қызметкерлерін құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов "ДЕНІ САУ ҰЛТ" ұлттық медициналық саммитінің салтанатты іс-шарасына қатысып, медицина саласының қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.
-
Сенат Төрағасы Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесті.
-
Қазақстан Президенті Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Радий Хабиров Қазақстан мен Башқұртстанның сауда-экономикалық, өнеркәсіп, инвестиция және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
-
«Қара тізім»: WhatsАpp-қа жаңа опция қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WhatsApp мессенджерінде жаңа қауіпсіздік қызметі пайда болды деп хабарлады turkystan.kz.
-
Торғайда ешбір көне жәдігер бұзылған жоқ
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында көптеген дауылы мәселелер ел ішінде жел есіп, әлеуметтік желіде таралып, жұршылықтың теріс пікірін туғызуда.
-
Шымкентте үздік тауарлар көрмесі өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында 17-19 маусым күндері «Қазақстанның үздік тауары-2022» өңірлік байқау-көрмесі өтуде. Орталық саябақта қаланың азық-түлік, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені мен құрылыс индустриясының 70-тен астам тауар өндірушілері өз экспозицияларын орналастырды.
-
Бибісара Асаубаева мектепті «Алтын белгіге» бітірді
Ақтау, BAQ.KZ тілші. Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева мектепті «Алтын белгіге» бітірді. Бүгін ол оқитын Ақтаудағы АиТи-лицей түлектеріне «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» салтанатты түрде табысталды.
-
2 млн-ға жуық бала жазғы мектепте білім алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық оқушылар жазғы мектептердегі оқуын аяқтады. Онда 2 млн-ға жуық бала қосымша білім алды. Жазғы мектептердің жұмысы 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылған болатын.
-
Елді мекендердің аумағында су құбыры желілерінің құрылысы жүргізілуде – ИИДМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Парламенттік тыңдауға қатысып, ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша ағымдағы жағдай туралы баяндады.
-
XXV Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. XXV Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысы басталды.
-
Мәжілістің жанынан Қоғамдық палата құрылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.
-
Ұлттық парктер жаңа үлгі бойынша дамиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ұлттық парктер: экологиялық туризімнің жаңа моделі» дөңгелек үстелі барысында ұлттық табиғи парктердің инфрақұрылымын дамыту, заманауи туризм жағдайында экологиялық тәрбиенің маңызы, ұлттық саябақтардағы демалыс мәдениетін арттыру мәселелері талқыланды.
-
Ләззат Сүлеймен медиация саласының мәселелерін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Сүлеймен медиаторлар ұйымдарының өкілдерімен, қоғамдық медиаторлармен және салалық мемлекеттік органдардың басшылығымен кездесті.
-
Экология мәселесі - киік көп, су аз... неге?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевпен елдегі экологиялық ахуал жайлы, киік пен құрғақшылық мәселесі жайлы сұқбаттасқан едік.
-
Қонаев қаласының жастары. Жаңа мәртебе - жаңа мүмкіндіктер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚДМ вице-министрі Александр Данилов Алматы облысындағы Қонаев қаласының жастарымен кездесті.
-
Ақтөбе облысында медицина қызметкерлері марапатталды
Ақтөбе облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысында мереке қарсаңында медицина саласының 86 қызметкері марапатқа ие болды. Олардың қатарында «Халық алғысы» медалін, «Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Алтын дәрігер» төсбелгілерін алған азаматтар бар.
-
Елдегі ең үлкен үкіметтік емес ұйым Құрылтайдағы Президент бастамаларына үн қосуға дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдегі ең үлкен үкіметтік емес ұйым - Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Құрылтайда айтылған бастамаларды толық қолдайды және еңбек адамын ұлықтау бойынша құрылтай мүшелерімен әріптестік орнатуға мүдделі.
-
Азаматтардың өз пікірін еркін жеткізуі – халық пен биліктің арасында тығыз байланыстың барын аңғартады
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола өңірінде «Еститін үкімет» қағидаты бойынша өзгерістерді халық қалай қабылдауда? Жергілікті атқарушы органдар ел ішінде қордаланған мәселелерді қалай шешуде? Мемлекеттік қызмет көрсету қаншалықты қолжетімді?
-
Нұр-Сұлтанда зиянкестермен күресу үшін жасыл желектерді химиялық өңдеу жұмысы жалғасып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жасыл желектердің жағдайын нашарлататын зиянды жәндіктерге қарсы күрес шаралары зиянкестердің экономикалық зияндылығының шегінен асып кету қаупі төнген жағдайда сәуірдің үшінші онкүндігінен маусымның ортасына дейін жүргізіліп келеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Елордада «Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммиті өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммиті өтіп жатыр.
-
Ауылда кәсіп ашу бойынша 8 мың әйел оқытудан өтті - Сүлейменов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясының атқарушы директоры Асхат Сүлейменов «Ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту тәсілдерін іздеу және іске асыру» тақырыбында өңірлік форумында айтты.
-
Павлодарлық дәрігерлер сый құрметке ие болды
Павлодар облысы , BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің ақ желеңділері төл мерекелері қарсаңында сый-құрметке бөленді. Бір топ дәрігер марапаттарға ие болды.
-
Екібастұзда мүмкіндігі шектеулі бала үшінші қабаттан құлап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұзда мүмкіндігі шектеулі бала үшінші қабаттан құлап кетті деп хабарлады Polisia.kz.
-
Білімді ұрпақ барда еліміздің ертеңіне сеніммен қарауға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әбдірахман мен Динара Замантаева өте дарынды, талантты жеткіншектер. Бұйыртса биыл Италияның Сорренто қаласында өтетін ЮНВТО жаһандық жастар туризмі саммитінде еліміздің атынан өнер көрсеткелі отыр, - деп жазады өзінің facebook парақшасында Дәурен Абаев.
-
Ота кезінде хирургтермен бірге 12 сағат тік тұрып жұмыс істейміз - мейірбике
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ауруханамызда күніне 50-ден астам ота жасалады. Бұл шұғыл операцияны қоспағанда. 16 операция жасау залының барлығында бір мезетте ота қатар жасалып жатады. Қазір науқастар өте көп. Бұл туралы Алматы қалалық №7 аурухананың Ота жасау бөлімінің аға мейірбикесі Назгүл Бизакова сұхбат барысында айтып берді.
-
СҚО-да кәсіпкерліктегі әйелдер саны 42 пайызға өскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов Қазақстанның солтүстік облыстарының «Ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту тәсілдерін іздеу және іске асыру» тақырыбында өңірлік форумында айтты.
-
Ауылдық жердегі жұмыс күшінің 38%-ы әйелдерге тиесілі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Қазақстанның солтүстік облыстарының «Ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту тәсілдерін іздеу және іске асыру» тақырыбында өңірлік форумында айтты.
-
ДСҰ реформалау процесін іске қосуға келісті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бақыт Сұлтанов бүгін таңертең өткен ДСҰ 12-ші министрлік конференциясының жұмысының аяқталғанын, бұл оқиғаның бүкіл әлемдік сауда үшін үлкен тарихи маңызға ие екені туралы ойын facebook парақшасында жариялады.
-
Жасөспірімдерге 182 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетілді – МӘМС
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жастар денсаулық орталықтары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жұмыс істегеннен бері оған жүгінушілер саны да айтарлықтай артты. Осы жылы медициналық қызметтер үшін 2,2 млрд теңгеге шарт жасалды. 5 айда 182 мыңнан аса қызмет көрсетіліп, оған 431 млн-нан астам қаржы жұмсалды деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.
-
Кардиология институтында ем алып жатқан науқастар дәрігер мен мейірбикелерге алғыстарын білдірді
Алматы, BAQ.KZ. Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі Медицина қызметкерлерінің күні ретінде атап өтіледі. Бұл күні өз тағдырын ең қиын, ең құрметті, ең қажетті кәсіппен байланыстырған жандарға алғыс білдірудің маңызы зор.
-
Қазақстандық стартап логистикада серпіліс жасауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Назарбаев Университетінің "NURIS" инновациялық кластері 17 маусым күні сағат 11:00-де Назарбаев Университеті аумағындағы "Пирамида" шыны павильонында "Қазақстандық стартап логистикада серпіліс жасады" тақырыбында баспасөз конференциясын өткізді.
-
«Хабар» және «Қазақстан» арналарын қоғамдық телекорпорациялар айналдыру қажет - Байменов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменов Құрылтайда сөйлеген сөзін facebookпарақшасында жариялады.
-
Алматыдағы қоқыс үйінділері спутник арқылы анықталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі заманғы технологиялар қоқыс пен олардың жинақталған орындарын табуға көмектеседі.
-
Елімізде 260 мыңға жуық медицина маманы бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. Сондай-ақ министр медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
-
Елордадағы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың 3000-нан астам тұрғыны әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер алады.
-
Су шаруашылығына қатысты мамандар қатты тапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында «Қазақстанның су саласын дамыту перспективалары» атты Парламенттік тыңдауда су шаруашылығына қатысты мамандар тапшылығы талқыланды.
-
Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 194 мыңнан астам қызмет алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 162,1 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 6,4 мың – ымдау тілі қызметін, 25,5 мың – жеке көмекшінің қызметін алды.
-
Жастарды жұмыспен қамту бағдарламалары қанша жалақы төлейді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров мәлімдеді.
-
Заңсыз балық аулағандарға 7,5 млн теңге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Профилактикалық қызмет басқармасының басшысы Жасұлан Бәйкенов Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Итбалықтардың қырылуы. Каспийде 220 итбалықтың денесі табылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Елордада Қазақстанның көмір өнеркәсібіне арналған форум өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордада Қазақстанның көмір өнеркәсібінің III форумы өз жұмысын бастады. «Astana Mining & Metallurgy» Халықаралық тау-кен металлургия конгресі аясында ұйымдастырылған алқалы жиында көмір саласын дамыту мәселелері талқыланды.
-
Шекарашылар 1,5 млрд теңгені мемлекетке қайтарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҰҚК Шекара қызметінің Департамент басшысының орынбасары - Жағалау күзеті басқармасының басшысы, 1 ранг капитаны Сабыр Хасанов Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Балық аулайтын құралдарды заңсыз сатқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Бұл туралы «ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Алматының бас жоспары жаңадан әзірленіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы бірнеше жылда Алматының бас жоспарына түзетулер енгізілді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев XVIІ қала құрылысы форумында мәлімдеді.
-
Мәжіліс депутаты су саласына жауапты министрлік құруды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Парламенттік тыңдауды дайындау жөніндегі арнаулы уақытша комиссиясының жетекшісі Еділ Серікбайұлы «Қазақстанның су саласын дамыту перспективалары» атты Мәжілісте өткен Парламенттік тыңдауда айтты.
-
Заңсыз балық аулаудың 640 дерегі анықталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Елордада 232 мыңнан астам жас тұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров мәлімдеді.
-
Тоқаев Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Санкт-Петербургке сапары Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесуден басталды.
-
Елордалықтардың 33%-дан астамы спортпен тұрақты айналысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде 406 мыңнан астам адам айналысады, бұл жалпы халықтың 33,08% - ын құрайды. Қалада бұқаралық және жоғары жетістіктер спортын дамыту үшін барлық жағдай жасалуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Маңғыстау облысында 8 тұщыландыру зауыты салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстанның су саласын дамыту перспективалары» атты Мәжілісте өткен Парламенттік тыңдауда Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.
-
Елордада халықаралық Олимпиада күніне орай спорт фестивалі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 маусым күні сағат 12:00-де Нұр-Сұлтан қаласында Триатлон саябағында Халықаралық Олимпиада күніне арналған спорттық мерекелік шара өтеді.
-
Алматыда 17 адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Прокуратура жедел медициналық көмектің қолжетімділігіне және оны Медеу ауданындағы «Алатау» ықшам ауданының тұрғындарына уақытылы көрсетілуіне талдау жүргізді.
-
Елорда халықаралық әуежайы әлемдік беделді марапатқа ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы «World Airport Awards» аталымы бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік өңірлік әуежай деп танылды. Марапат 2022 жылғы 16 маусымда Париждегі ЭКСПО жолаушылар терминалында табыс етілді.
-
«Мерейлі отбасы-2022» ұлттық конкурсына өтінімдер қабылдау аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2,5 мыңнан астам жанұя Қазақстанның үздік отбасы атағына үміткер.
-
Енді жиырма жылдан кейін елдегі су мәселесі күрделене түседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстанның су саласын дамыту перспективалары» атты Мәжілісте өткен Парламенттік тыңдауда Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты.
-
Мәселелер мен ұсыныстарымызды елдің алдында ашық айтудан қашпауымыз керек – Орынбек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлытаудың тарихи мазмұнын, Жошы әулетінің ізін — туризм көзіне айналдырып, сәулеті мен сәні келіскен әрі әлеумет-мәдениеті өрлеген облыс орталығына айналуына жұмыла үлес қосайық дегенді айтты заңгер, Ұлттық құрылтай мүшесі Айгүл Орынбек.
-
«Болашақ» түлектері ауыл ауруханаларында заманауи әдіспен ота жасайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлектері ауылдық ауруханаларда заманауи әдістермен оталар жасайды. Жетекші шетелдік медициналық жоғары оқу орындарда тағылымдамадан өткен мамандар заманауи медициналық технологияларды пайдаланып, күрделі кардио- және нейрохирургиялық оталар жасайды.
-
Ұлттық құрылтай – ауқымды демократиялық институт
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кешегі өткен Ұлттық құрылтайға қатысты қоғам белсендісі, журналист Денис Кривошеев осылай деп мәлімдеді.
-
544 мың адам таза сумен қамтамасыз етілмеген – Қошанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстанның су саласын дамыту перспективалары» атты Мәжілісте өткен Парламенттік тыңдауда Мәжіліс төрағасы Қошанов айтты.
-
Ел ішінде қоныс аударатындар 3%-ға кеміді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-сәуірде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 5 122 адам, елімізден кеткендердің саны 7 041 адам, көші-қонның айырымы -1 919 адам болды.
-
Жексенбі күні елордада жолдардың бір бөлігі жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 19 маусымда жолдардағы қозғалыстың ішінара жабылатыны туралы хабарлайды.
-
Қаржы пирамидасына алданған алматылықтар 2 млн доллар ақшасынан айырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. ҚМА Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп «The Finiko» қаржы пирамидасы филиалының басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов айтты.
-
Тағы бір қаржы пирамидасының басшылығына қатысты тергеу жүріп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМА Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті прокуратурамен бірлесіп «The Finiko» қаржы пирамидасы филиалының басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіліп жатыр.
-
Жыл басынан бері елден заңсыз 528 млн теңге алып өтпек болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бастап Алматы қаласының кеденшілері 528 млн теңгені заңсыз алып өтудің жолын кесті.
-
Бала кезімде Анатомияны оқып, жәндіктердің ішкі құрылысын тексеретінмін - дәрігер
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз дәрігер болуды бала кезден армандап, мақсатына жете білген Әлия Бекматова. Алматыдағы №1 қалалық аурухананың Кардиологиялық оңалту бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етіп жатқан ол дәрігерлердің отбасында дүниеге келген.
-
«Алтын Гефест» байқауының жеңімпаздары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Алтын Гефест» салалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Дәстүрлі конкурс «Astana Mining & Metallurgy» (АММ) Халықаралық тау-кен металлургия конгресі аясында өткізіліп отыр.
-
IT-кластерді дамыту қазақстандықтар үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашады – Смайылов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов Алматыға жұмыс сапары аясында қаланың IT-кластерінің, медициналық және білім беру салаларының дамуымен танысты.
-
Анна Данилина Еуропадағы жарыстың финалына жолдама алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Анна Данилина Мадридте өтіп жатқан ITF W60 турнирінің финалына жолдама алды, деп жазды aikyn.kz.
-
Қазақстан мобильді интернетті Түркиядан артық пайдаланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың басында бүкіл әлемде интернетті пайдаланушылар саны 4,9 млрд адамды құрады. Бұл дегеніміз – әлем халқының үштен екісі. Соңғы 10 жыл ішінде пайдаланушылар саны 2,2 есе өскен.
-
Биыл Қызылорда облысында мұнай өндірісі 3,5 млн тоннаға дейін қысқаруы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында кен қоры ортая бастағандықтан биыл қара алтын өндірісі 3,5 млн тоннаға дейін қысқаруы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Атырауда донерден уланғандар саны 10 адамға жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда астан уланғандар саны 10 адамға жетті, оның 9-ы ауруханада жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
-
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы теміржол тасымалы 3,5 есеге артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы 5 айда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы теміржол тасымалының көлемі былтырғымен салыстырғанда 3,5 есе артты. Бұл туралы Қазақстан теміржолы ұлттық компаниясының Бакудегі өкілдігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
-
ШҚО-да жаз басталғалы бері 6 адам суға кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құтқарушылардың ауқымды жұмысына қарамастан, Шығыс Қазақстанда су айдындарында азаматтардың суға кетіп қайтыс болуы азаймай тұр.
-
Ақсу қаласында іздеуде жүрген қылмыскер қолға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күдіктіге Алматы қаласында мемлекетаралық іздеу жарияланған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
-
ШҚО-да түрмеге жаңғақ ішіне есірткі жасырып өткізбек болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ 156/20 колониясының қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған заттардың жеткізілуінің алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
-
Францияда ауа райына байланысты су пайдалану шектеледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда аптап ыстық болады деп болжанып жатыр.
-
Алматыда жолаушылар автобусы автокранмен соқтығысты: зардап шеккендер бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда әл-Фараби даңғылы бойында автокран мен автобус соқтығысты. Нәтижесінде бес жолаушы ауруханаға жеткізілді.
-
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 17 маусымда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
-
Ресей Қазақстанмен өзара сауда көлемін ұлғайтуға мүдделі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санкт-Петербургте халықаралық экономикалық форум өтіп жатыр. Санкциялар бұл жиынға да әсер еткен сыңайлы. Өйткені сырттан келетін қонақтардың қатары сиреген.
-
Болат Анапияұлы: Ұлттық Құрылтай – идеологияға берік тұғыр болатын бірегей негіз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлытаудағы Ұлттық Құрылтай талай адамның ой-ниетіне, мақсат-мұратына қанат бітірді. Болат Анапияұлы да Мемлекет басшысын, ел азаматтарын қолдап, әлеуметтік желіде пікір білдірді.
Наверх