Торғайда ешбір көне жәдігер бұзылған жоқ

17 Маусым 2022, 19:45
1736
Бөлісу:
Торғайда ешбір көне жәдігер бұзылған жоқ
PHOTO
Фото: автордан

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында көптеген дауылы мәселе ел ішінде желдей есіп, әлеуметтік желіде таралып, жұршылықтың теріс пікірін туғызып жатыр.

Сондай анық-қанығына бармай жытып жаһанға жар салған теріс пікірдің бірі бүгін жетті. Ол пікірге сүйенсек, ұлт ұстазының кіндік қаны тамған үйді қиратып тастапты деген шындық пен ешбір қисынға симайтын ойлар айтылып, жалған сөздің жетегінде кеткендер саясаттың сойылын өздерінше соғып жатыр. 

Ал, енді нақты деректерге жүгінсек, жоғарыда жұрттың ұлардай шулап, құнды жәдігерінен айырылып қалғандай «жоқтау» айтып жатқандар сол үйдің Ахмет Байтұрсынұлы туған жер деп жергілікті тұрғындардың топшылауымен салынған кәдімгі балшық үй екенін білеме екен? Білсек те біз неге жалған ұранға желігіп тұрамыз.

Осы орайда елді дүрліктірген жалаң сөздің нүктесін қоюға облыс әкімі Архимед Мұқамбетовтың пікірін білген едік.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын мерекелеуде Қостанай облысында Алаш арысының есімін ұлықтау мақсатында бірқатар кешенді  іс-шаралар жоспарланған. Солардың маңыздысы ретінде ұстаздың кіші Отанында музей үйін салу да бар.

Айта кетсек, 2009 жылы А.Байтұрсынұлы дүниеге келген үйдің орны деп болжанып, жұртына жергілікті тұрғындардың күшімен ешбір жәдігері жоқ, шағын ағаш үй тұрғызылған. Осы жылдар ішінде халықтың қолда бар құрылыс  материалдарынан салынған бұл ғимараттың әбден тозғы жеткендіктен, қайтадан жаңарту туралы шешім қабылданды. 

Өңір тұрғындары мен жұртшылығының өтініші бойынша республикалық жоспарға сай үй салып, оны музей-үйге айналдыру жоспарда бар. Жангелдин ауданының әкімдігі тарапынан бұл іс-шараға байқау өткізіліп, оның қорытындысы бойынша мердігер компания анықталды. Алайда компания жосықсыз болып, құрылыс барысында сапасыз материалдарды қолданған.  Осыдан кейін тапсырыс беруші құрылыс жұмыстарын тоқтатып, келісім-шартты бұзылды. Қазір қайтадан жаңа үй салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан әкімдігі осы жылдың қыркүйек айына жоспарланған мерейтойлық іс-шараларға дейін үйдің құрылысын аяқтап, оны тарихи экспонаттармен толықтыруды көздеп отыр, - дейді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. 

Торғайда ешбір көне жәдігер бұзылған жоқ

Бұл жұмыстардың сыртында Жангелдин ауданының инфрақұрылымын жақсарту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылады. Атап айтсақ, осы маусым айында Ақкөл және А. Байтұрсынов ауылдары 4G мобильді интернетке қосылған.

Шұбалаң мен Қарасу ауылдары арасындағы автомобиль жолының бір бөлігі мен осы жолдың 6-шақырымындағы Торғай өзені арқылы өтетін көпірге күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Биыл А. Байтұрсынұлы ауылына апаратын 106 шақырым жолдың 40 шақырымнан астам бөлігін жөндеу жоспарланып отыр, келесі жылы бұл жұмыс жалғасатын болады. Оның сыртында, А.Байтұрсынұлы мен М. Дулатовтың әдеби мұражайын жөндеу және реэкспозициялау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Ахмет Байтұрсынұлы ауылында жаңа медициналық пункттің құрылысы басталды, ал Ақкөл ауылдық дәрігерлік амбулатория жөндеуден өткізілмек. А.Байтұрсынұлының мерейтойы аясында Жангелдин ауданының инфрақұрылымын жақсартуға барлығы 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, оның 2,7 млрд теңгесі жолдарды жөндеуге бағытталатын болады , -дейді облыс әкімі. 

Расында жоғарыда атлған ағаш үйді 2009 жылы жергілікті тұрғындар салғаннан бері жөндеу көрмеген болатын. Ол жайында еліміздің белді басылымдарында бұған дейін талай жазылып келді. «Бітер іске сыншы көп» дегендей ел ішін әбігерге салып, өздерін жарнамалап жатқандар ұлт ұстазының үйі деп салынған ағаш үй құлағалы тұрғанда қайда қалды екен деген заңды сұрақ туындайды. Енді сабақты ине сәтімен дегендей оқтайлы кезі келіп, қолға алынып жатқан ілкімді істерге кедергі болуды тоғара тұрайықшы. Ұлардай шуламай Алаш арысының рухына лайықты тағызым етейік.

Өзгелердің жаңалығы