Елордадағы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

17 Маусым 2022, 14:00
1464
Бөлісу:
Елордадағы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың 3000-нан астам тұрғыны әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер алады. 

Бұл мекемелерге қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдар хабарласа алады және стационар, жартылай стационар, үйде күтім жасау немесе уақытша көмек ала алады. Олардың жұмыс барысы туралы онлайн брифингте қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб айтып берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қаланың Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ведомстволық бағыныстағы 10 мекеменің қызметін үйлестіреді, олардың 6-ауы өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға стационар, жартылай стационар, үйде күтім жасау және уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Бұл орталықтардың қызметтер тізімінде – әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық және әлеуметтік-құқықтық көмек бар.

Арнайы әлеуметтік қызметтермен ағымдағы кезеңде 3464 адам қамтылды, оның ішінде мемлекеттік мекемелер – 2268 адам, үкіметтік емес ұйымдар – 1196 адам, – деді Илья Скуб.

Қалада «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, ол мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлік жасқа жеткен, өз бетінше жүріп-тұра алмайтын және денсаулығына байланысты әлеуметтік қызмет алуға мұқтаж қарт адамдардың стационар жағдайында тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруына арналған. Сондай-ақ үйде мүмкіндігі шектеулі адамдарға және өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін ішінара жоғалтқан қарт азаматтарға көмек көрсетіледі. Орталықтың қамқорлығында 782 адам бар, оның 300-і стационарда, қалғанына үйінде қызмет көрсетіледі. Орталықтың жұмысын 286 қызметкер қамтамасыз етеді.

«Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы психоневрологиялық патологиясы бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруына арналған. Бүгінде қамқорлыққа алынғандардың саны 252 баланы құрайды, олардың 111-і стационар жағдайында, 141-і жартылай стационар жағдайында қызмет алады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж, психоневрологиялық аурулары бар бірінші, екінші топтардағы 18 жастан асқан адамдардың тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруына арналған. Қамқорлыққа алынушылар саны 370 адамды құрайды, оның ішінде 1-топтағы мүгедектігі барлар – 75 адам, екінші топтағы мүгедектер – 295 адам, - деп түсіндірді спикер.

Сондай-ақ елордада қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы да жұмыс істейді. Мұнда уақытша (бір жылға дейін) тәулік бойы немесе тек түнгі уақытта белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған немесе пробация қызметінде есепте тұрған адамдар бола алады. Биыл орталық 235 адамды қабылдады, оның 87-і – күндізгі бөлімге, 148-і – түнгі бөлімге.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен қалада «Үміт» дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Мұнда олар жарты жылға дейін тәулік бойы бола алады. Қазір стационар жағдайында 69 адам тұрады: 19 әйел және 50 бала.

«Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына тұрғылықты жері бойынша үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алу үшін мүгедектігі бар балалар мен психоневрологиялық патологиясы бар мұқтаж адамдар жүгіне алады. Қызметтермен 560 адам қамтылды.

Қарттарға, мүгедек адамдарға және мүгедек балаларға арналған оңалту орталығы санаторий-курорттық емдеу және оңалту қызметтерін көрсету үшін арналған. Қамқорлықтағы 815 адам, зейнеткерлер – 756, ҰОС қатысушылары, мүгедектері және жеңілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар – 57, қуғын-сүргінге ұшырағандар – 2. Сонымен қатар, қалада белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді, ол 2 662 зейнеткерге қызмет көрсетеді. 2021 жылдың қараша айынан бастап Орталық коммуналдық мемлекеттік мекеме мәртебесін алды, - деді Илья Скуб.

Өзгелердің жаңалығы