Ауылда кәсіп ашу бойынша 8 мың әйел оқытудан өтті - Сүлейменов

17 Маусым 2022, 16:51
1041
Бөлісу:
Ауылда кәсіп ашу бойынша 8 мың әйел оқытудан өтті  - Сүлейменов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясының атқарушы директоры Асхат Сүлейменов «Ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту тәсілдерін іздеу және іске асыру» тақырыбында өңірлік форумында айтты. 

Ең алдымен farmerschool туралы айтқым келеді. Бүгінгі таңда тұрғындар арасында сұранысқа ие. Құс өсіру, етті, сүтті мақсатында жануар өсіру, өсімдік шаруашылығымен айналысу бойынша 8 мың адам оқытудан өтті. Бұл сайт іске қосылғалы бері 5 мыңнан астам ауылдық әйел сайтқа тіркелген. Олар бірнеше оқытудан да өтуі мүмкін, - деді ол. 

Сүлейменов айтқандай, биыл ауыл әйелдері форумының мерейтойы.

2018 жылы ауыл әйелдердің басын қосып,  алғашқы республикалық форум өткіздік. Соңғы екі жыл пандемияға қарамастан шағын форматта форум өткізуді жүзеге асырдық. Биылғы күзде бұл форумдарды жалғастырып жатырмыз. Бүгін солтүстік өңірлердің тұрғындары үшін алғашқы форум өтіп жатыр, - деді Асхат Сүлейменов.

Айта кетейік, ауыл әйелдерінің форумы алғаш рет 2018 жылы ұйымдастырылған болатын. Осы айналдырған төрт жыл аралығында түрлі деңгейде өткен форум 7200 қатысушыны қамтып, ауыл әйелдерінің кәсіпкерлікке келуі, оны іске асыруы, қиындықты жеңіп, табысқа қолжеткізуі сынды 100 тақырыпта семинар-тренингтер ұйымдастырылып, оған 326 селолық аудандардан  400 спикер тартылды.

Өзгелердің жаңалығы