Павлодарда әйелді зорлаған күдікті ұсталды

17 Маусым 2022, 20:45
1542
Бөлісу:
Павлодарда әйелді зорлаған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Павлодарда  «102»    нөміріне И. есмді әйел  хабарласып,  Ж есімді азамат үйінде еркіне қарсы зорлағанын  айтып арызданған, -деп хабарлайды  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы.

Хабарлама түсе салысымен 5512 әскери бөлімінің  сақшылары бірден  қылмыскерді іздестіруге кіріседі.Сағат түнгі 22.30 шамасында  Нұрмағамбетов көшесі бойындағы үйлердің аулаларын аралау барысында сипатқа сай  келетін Ж. есімді азамат  әскери жасақты көре сала бірден абыдрап, сасқалақтай  бастайды. Сақшылар азаматты ұстап, дереу №4 полиция учаскесіне жеткізеді. Жәбірленуші ұсталған азаматты бірден таниды.Аталған дерек бойынша күдіктіге қатысты  ҚР ҚК 120 бабының 1 тармағы бойынша (зорлау) қылмыстық іс қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы