Итбалықтардың қырылуы. Каспийде 220 итбалықтың денесі табылған

17 Маусым 2022, 12:59
3637
Бөлісу:
Итбалықтардың қырылуы. Каспийде 220 итбалықтың денесі табылған
Фото: Егемен Қазақстан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Бүгінгі күнге дейін біз 220 итбалықтың денесі мен 5 бекірелік түрін анықтадық. Табылған денелер жайылып, жермен жексен болуға шақ қалғандықтан зерттеуге сынақ алуға мүмкін болмады. Олардың жаппай қырылуын анықтау үшін бірқатар ғылыми ұйым тартылды. Гидробиологиялық институт, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті жұмыс істеді. Қорытынды нәтиже берілді. Алайда итбалықтардың қырылуының нақты себебі анықталмады. Себебі олардан сынақ алу мүмкін болмады, - деді ол. 

Бахиянов ең алғашқы дерек сәуір айында табылған. 

Ғылыми ұйымдар итбалықтардың қырылуы қыс кезінде, яғни қаңтар-ақпан айында болған деген нәтиже берді. Қырылғандардың 50 пайызын боздақ (итбалықтың баласы) құрап отыр. Итбалықтар қыс қатты кезде, мұздың үстінде  көбейеді. Биыл қыс жылы болды. Осыған орай боздақтар мұздың еруінен  суға түсіп, қырылуы мүмкін. Себебі боздақтар жаңа туған кезде суға шыдамсыз болады. Олардың терісі оған бейімделмеген. Сондай-ақ қырылған итбалықтардың денесінің бір бөлігі болмаған. Бұдан итбалықтар браконьерлердің ауына түсіп, олар аудан шығару кезінде олардың басы не қанаты келісіп кеткенін болжауға болады. Алайда нақты қырылудың себебі анықталған жоқ, - деді Бахиянов. 

Өзгелердің жаңалығы