Елордада «Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммиті өтіп жатыр

17 Маусым 2022, 16:55
1734
Бөлісу:
Елордада «Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммиті өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммиті өтіп жатыр. 

Бүгін пандемиядан кейінгі ұзақ үзілістен соң бұл медицина саласындағы алғашқы ауқымды іс-шара ұйымдастырылып отыр. Саммит еліміздің түкпір-түкпіріндегі медицина саласында талмай еңбек етіп жүрген қызметкерлердің басын қосты. Аталған жиында Altyn Shipager ұлттық медициналық сыйлығының 12 номинациясы бойынша үздіктер анықталады. Саммит бұдан былай жыл сайын өткізіледі деп жоспарлануда, - деп атап өтті іс-шараның ұйымдастырушысы әрі бас продюсері Рустам Әбдусаламов.  

 Айта кетерлігі, Аltyn Shipager ұлттық медициналық сыйлығы биыл бесінші рет, ал саммит бірінші рет өткізіліп отыр.

Саммитке Президент әкімшілігі, Үкімет мүшелері, елдің медицина жұртшылығының өкілдері, бизнесмендер, денсаулық сақтау саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар қатысып жатыр.

Медициналық саммит барысында дәрілік заттар, медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірушілерінің, импортерлердің және дистрибьюторлардың, фармацевтикалық компаниялардың, медициналық мекемелердің, мемлекеттік  және мемлекеттік емес ұйымдардың, медицина саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің, ғылыми институттардың, зертханалардың қатысуымен республикалық ауқымды көрме жұмысын бастады. 

Өзгелердің жаңалығы