Қазақстандық стартап логистикада серпіліс жасауда

17 Маусым 2022, 14:48
929
Бөлісу:
Қазақстандық стартап логистикада серпіліс жасауда
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Назарбаев Университетінің "NURIS" инновациялық кластері 17 маусым күні сағат 11:00-де Назарбаев Университеті аумағындағы "Пирамида" шыны павильонында "Қазақстандық стартап логистикада серпіліс жасады" тақырыбында баспасөз конференциясын өткізді.

Баспасөз конференциясында Қазақстанның логистикалық компаниялары үшін "MultiCode" инновациялық шешімін жасау және пайдалану туралы жарияланды.

Қазақстандық стартап логистикада серпіліс жасауда

NURIS-тің бас директоры Жақыпов Айдар Бексұлтанұлының сөйлеген сөзінен:

Өткен жылы NURIS корпоративтік акселерация бағдарламасын іске қосты. Қазақстан үшін бұл істеп тұрған компаниялардың жұмысына инновацияны енгізудің жаңа тәсілдері.

Логистика және көлік – бұл Қазақстанның «транзиттік әлеуеті» жай сөз ғана емес, нақты сандар және экономиканың өсуі үшін үлкен мүмкіндіктер болып табылатын экономика секторы. 

АMK логистикалық компаниясы біздің алдымызда тасымалдауды жоспарлау процесін автоматтандыратын стартап табу жайлы өршіл міндетті қойды. Байқауға бес елден, соның ішінде Қазақстаннан, Ресейден, Украинадан стартаптары қатысты. Бірақ Назарбаев Университетінің түлектері, "Smart System Technologies" IT стартап білім мен біліктіліктің ең жоғары деңгейін көрсетті және ең үздік әрі перспективалы шешімді ұсынды.

Нәтижесінде, одан әрі даму үшін үлкен әлеуеті бар, вагон парктері операторларына арналған жүк тасымалын ақылды жоспарлаушы "MultiCode"  инновациялық IT шешімі таңдалды.”

Өзгелердің жаңалығы