Алматыдағы қоқыс үйінділері спутник арқылы анықталады

17 Маусым 2022, 14:30
1485
Бөлісу:
Алматыдағы қоқыс үйінділері спутник арқылы анықталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі заманғы технологиялар қоқыс пен олардың жинақталған орындарын табуға көмектеседі. 

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдңгінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматыда ғарыштық мониторинг көмегімен стихиялы қоқыс үйінділерін жою жүріп жатыр. 

Оның нәтижелерін арнайы геосервис бақылайды. Бұл қоқыс үйіндісінің түрін, күнін және орнын анықтауға мүмкіндік береді. 

Жыл басынан бері геопортал Түрксіб және Медеу аудандарында 10 стихиялық қоқыс орнын анықтады.

Жергілікті әкімдіктер аумақты тазалау жұмыстарын бастады. Қоқыс үйінділері бос жерлерде, қоршалмаған жеке жерлерде пайда болады. Сондай-ақ, бұл қалаға қосылған елді мекендерде, Алматы облысымен шекаралас учаскелерде жиі кездеседі. 

Өзгелердің жаңалығы