Алматылықтар өзіне-өзі қызмет көрсету секторынан жарты миллионнан аса қызмет алған

17 Маусым 2022, 21:00
1562
Бөлісу:
Алматылықтар өзіне-өзі қызмет көрсету секторынан жарты миллионнан аса қызмет алған

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамын eGov порталында, eGov Mobile мобильдік қосымшасында және eGovKzBot2.0 телеграм ботында онлайн алуға болады.

 Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы хабарлады.

Сондай-ақ, соңғы жылдары Kaspi және Halyk Homebank банктік қосымшалары арқылы да қызмет алу мүмкіндігі туды. Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтерді қашықтықтан алу үшін бүкіл республика бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

Алматы қаласында 8 ХҚО мен 5 мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді және олардың әрқайсысында өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары бар. Оларда 100-ге жуық жұмыс орны ұйымдастырылып, азаматтарға кеңес беру үшін филиалдың 50-ден астам маманы жұмылдырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында кез келген азамат электрондық кезек талонынсыз мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады. Бүгінгі таңда біздің алдымызда үлкен міндет тұр – алматылықтарды мемлекеттік қызметтерді ХҚО-ға жүгінбей-ақ үйде немесе жұмыста өз бетінше алуға үйрету. Қызметтерді онлайн алу соншалықты қиын емес. Бірақ көп нәрсе адамның уақытын, өмірін басқаруға деген ниетіне байланысты... Біз жұмысымыздың нәтижелерін көріп те отырмыз. Жыл басынан бері өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында алынған қызметтердің жалпы саны 0,5 млн-нан асты, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Алматы қаласы филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.

Бұдан басқа, Алматыда ХҚО-дан тыс 300-ге жуық eGov бұрышы жұмыс істейді. Онда азаматтар оператордың қатысуынсыз е-қызметтерді өз бетінше ала алады, мемлекеттік қызметтерді алуға үйренеді. Ондай бұрыштар әкімдіктердің ғимараттарында, сауда орталықтарында, кітапханаларда, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде орналасқан.

Алматылықтар өзіне-өзі қызмет көрсету секторынан жарты миллионнан аса қызмет алған

Директордың айтуынша, қала тұрғындары арасында ең сұранысқа ие е-қызметтер электрондық-цифрлық қолтаңба алу, соттылықтың болуы/болмауы туралы анықтамалар, психо/нарко диспансерлерінен анықтамалар беру, тұрғылықты жері бойынша онлайн тіркеу, медициналық ұйымға тіркелу қызметтері.

Филиал ұжымы "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында әкімдіктермен, Қызмет істері жөніндегі агенттік департаментімен бірлесіп, халықты цифрлық сауаттылыққа оқыту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Филиал қызметкерлері 10 мыңнан аса қала тұрғындарына egov.kz порталын пайдалану дағдыларын үйретті.

 

Өзгелердің жаңалығы