Балық аулайтын құралдарды заңсыз сатқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

17 Маусым 2022, 12:28
3557
Бөлісу:
Балық аулайтын құралдарды заңсыз сатқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Заңсыз тасымалданған немесе заңсыз сатылған аулау құралдарын сатқандар Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 196-бабына сәйкес жазаланады.Оның мөлшері 25 айлық көрсеткіш, теңгеге шаққанда 76 575 теңгені құрайды. Министрлік қолдануға тыйым салынған балық өнімдерін тасымалдағаны, сатқаны үшін әкімшілік жазаны күшейту бойынша заңнамаға түзетулер әзірлегенін айта кету керек, - деді ол. 

Бахиянов атағандай, заң жобасы аясында тыйым салынған балық аулау құралдары мен заңсыз балық аулау үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі. 

Заң бұзу үшін 20-дан 50 АЕК-ге дейін ұлғайту көзделіп отыр. Бүгінгі таңда заңсыз құралдарды пайдаланғаны үшін айыппұл мөлшері 20 АЕК болса, алда тиісті заңнамалық өзгерістер енгізіп, 50 АЕК-ге жеткізуді көздеп отырмыз. Әкімшілік жазадан кейін ол бір жылдың ішінде қылмысын тағы қайталаса, ол әкмішілік жауапкершілікке тартылатын. Енді бұл қылмыс тағы да қайталанса, әкімшілік қамауға алынады. Бұл заң жобасы ҚР Президенті Әкімшілігінде келісіп жатыр, - деді Бахиянов. 

Сондай-ақ ол тәркіленген заттардың саны 50-ден көп болса, синтетикалық заттарды тасымалдағаны, сатып алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесі қарастырылып жатқанын айтты. 

Бүгінгі таңда тыйым салынған ауларды сатқаны үшін тең әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы