Жексенбі күні елордада жолдардың бір бөлігі жабылады

17 Маусым 2022, 10:01
1855
Бөлісу:
Жексенбі күні елордада жолдардың бір бөлігі жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 19 маусымда жолдардағы қозғалыстың ішінара жабылатыны туралы хабарлайды.

Жартылай марафон сөресі «EXPO» ХКО-да беріледі. «EXPO» аумағындағы қозғалыс 18 маусым күнгі сағ. 12:00-ден 19 маусым күнгі сағ. 15:00-ге дейін жабылады.

Түркістан көшесінің бойында «EXPO»-дан Сығанақ көшесіне дейінгі қозғалыс 19 маусым күнгі сағ. 7:00-ден 8:50-ге дейін, ал Сығанақ көшесінен Бәйтерек монументіне дейінгі қозғалыс сағ. 7:40-тан 8:20-ға дейін жабық болады. 

Жексенбі күні елордада жолдардың бір бөлігі жабылады

Сығанақ көшесінің бойында Түркістан көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі қозғалыс сағ. 7:40-тан 9:40-қа дейін жабық болады.

Тәуелсіздік даңғылының Райымбек батыр көшесінен Қошқарбаев даңғылына дейінгі бөлігінде қозғалыс сағ. 8:00-ден 10:40-қа дейін жабық болады. 

Сарайшық көшесінің бойында Тәуелсіздік даңғылынан, айналма жолдың солтүстік бөлігін қоса алғанда, Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі қозғалыс сағ. 8:00-ден 10:40-қа дейін жабылады. 

Мәңгілік Ел даңғылында айналма жолдың оңтүстік жағынан Қонаев көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 8:20-дан 10:40-қа дейін жабық болады. 

Жексенбі күні елордада жолдардың бір бөлігі жабылады

Қонаев көшесінің бойында Мәңгілік Ел даңғылынан бастап және «Хан Шатыр» СОО-ның айналасында қозғалыс сағ. 8:30-дан 11:30-ға дейін жабылады.

Достық көшесінің бойында «Хан Шатыр» СОО-нан бастап Ақмешіт көшесіне дейін қозғалыс сағ. 8:30-дан 11:40-қа дейін жабық болады.

Ақмешіт көшесінің бойында Достық көшесінен бастап «EXPO» ХКО-на дейін қозғалыс сағ. 8:40-тан 12:00-ге дейін жабық болады.

Деректер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді.

Жексенбі күні елордада жолдардың бір бөлігі жабылады

«EXPO» ХКО-на көлікпен жету үшін ұсынылатын маршрут:

1) Тұрар Рысқұлов көшесінің бойымен;

2) Мәңгілік Ел көшесінің бойымен, Қонаев көшесінен Әбіш Кекілбаев көшесіне дейін;

3) Қабанбай батыр даңғылының бойымен «MEGA Silk Way» СОО-на дейін.

Жолдардың жүктелу деңгейінің жоғары болуына байланысты қатысушыларға жарыс орнына («EXPO» ХКО) Рысқұлов көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысына дейін автобуспен жетуге кеңес береміз. Жолдардың жабылуын ескере отырып, сөре орнына автокөлікпен жетудің оңтайлы маршрутын 2ГИС қолданбасында құруға болады. Сөре қалашығының жанында («EXPO» ХКО) көлікті тұраққа қою мүмкін болмайтындығына назарларыңызды аударамыз.

19 маусым (жексенбі) күні Nur-Sultan Half Marathon жарысы өтетінін естеріңізге саламыз. Сөреге әлемнің 24 елінен келген 4 мыңға жуық әуесқой спортшы шығады. 21,1 км қашықтығындағы жеңімпаздар ақшалай жүлдені өзара сарапқа салады. Ерлер арасында және әйелдер арасында бірінші орынды иеленген жеңімпаздар 450 000 теңгеден алады.

Өзгелердің жаңалығы