Нұр-Сұлтанда зиянкестермен күресу үшін жасыл желектерді химиялық өңдеу жұмысы жалғасып жатыр

17 Маусым 2022, 17:00
2562
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда зиянкестермен күресу үшін жасыл желектерді химиялық өңдеу жұмысы жалғасып жатыр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жасыл желектердің жағдайын нашарлататын зиянды жәндіктерге қарсы күрес шаралары зиянкестердің экономикалық зияндылығының шегінен асып кету қаупі төнген жағдайда сәуірдің үшінші онкүндігінен маусымның ортасына дейін жүргізіліп келеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда зиянкестермен күресу үшін жасыл желектерді химиялық өңдеу жұмысы жалғасып жатыр

Елорданың Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы мәлім еткендей, Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуіндегі жасанды орман екпелерінің өсуіне, дамуына және тұрақтылығына топырақ жағдайымен және ылғалымен қатар әсер ететін жетекші факторлар болып зиянды жәндіктер саналады. Олар жаппай көбейе отырып, өсімдіктің жағдайын нашарлатады, олардың тұрақтылығын төмендетеді, соның салдарынан әлсіреген бұталар өз міндетін орындамайды.

Нұр-Сұлтанда зиянкестермен күресу үшін жасыл желектерді химиялық өңдеу жұмысы жалғасып жатыр

 Сондықтан көгалдандыру орталарында және жасыл аумақтарда ағаштар мен бұталарды өсіру кезінде оларды зиянкестерден және аурулардан қорғау мәселесі маңызды болады. Ол үшін жыл сайын Нұр-Сұлтанның жасыл белдеуінің екпелерін барлау және егжей-тегжейлі орман патологиялық зерттеулер жүргізіледі. 

Нұр-Сұлтанда зиянкестермен күресу үшін жасыл желектерді химиялық өңдеу жұмысы жалғасып жатыр

Бұл шаралар ағаштар мен бұталардың жәндіктер зиянкестерімен зақымдануын және олардың ауруларымен зақымдануын анықтауға мүмкіндік береді.

 Қарағай, қайың, шегіршін және басқа да түрлердің екпелері (вегетациялық кезеңде үш рет) зерттеледі, олардың жай-күйіне баға беріледі.

Нұр-Сұлтанда зиянкестермен күресу үшін жасыл желектерді химиялық өңдеу жұмысы жалғасып жатыр

Зиянды жәндіктерге қарсы жою іс-шаралары олардың экономикалық зияндылық шегінен асу қаупі туындаған кезде сәуірдің үшінші онкүндігінен маусымның ортасына дейін жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы