Ақсу қаласында іздеуде жүрген қылмыскер қолға түсті

17 Маусым 2022, 05:31
1482
Бөлісу:
Ақсу қаласында іздеуде жүрген қылмыскер қолға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күдіктіге Алматы қаласында мемлекетаралық іздеу жарияланған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ер адамға мың АЕК-ке дейін айыппұл, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту, үш жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе айыру қаупі төніп тұр.

Ақсу қаласының полицейлері түнгі патрульдеу кезінде күдікті ер адамды байқаған. Өтіп бара жатқан адамның жеке басын анықтай отырып, олар осы жылдың 25 сәуірінен бастап Алматы облысында ұрлық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды.

Бұл факті туралы іздестіру жариялаған Алматы облысының Әуезов полиция басқармасына хабарланды. Іздестіріліп жатқан адамды Ақсу қалалық полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамауға алды,-деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кейіннен күдіктіні Алматы қаласына жіберу жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы