Биыл Қызылорда облысында мұнай өндірісі 3,5 млн тоннаға дейін қысқаруы мүмкін

17 Маусым 2022, 08:10
2203
Бөлісу:
Биыл Қызылорда облысында мұнай өндірісі 3,5 млн тоннаға дейін қысқаруы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында кен қоры ортая бастағандықтан биыл қара алтын өндірісі 3,5 млн тоннаға дейін қысқаруы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жағдай облыс тұрғындарының табысына айтарлықтай әсер етеді. Өйткені өңірде 10 мыңға жуық адам мұнай-газ саласында еңбек етеді. Аймақтағы барлық өнеркәсіп өндірісінің 70 проценті осы қара алтынның үлесінде. Осыған орай, мұнайшылардың еңбекақысын кезең-кезеңімен өсіру және сервистік компаниялардың тарифін көтеру мақсатында облыс әкімдігі мен мұнай компаниялары арасында меморандумға қол қойылды.

40 градус ыстықта, 40 градус салқында жүргеннен кейін ол азаматтардың еңбегі еленеді. Мұнай сарқылғанмен, жұмыс көлемі азайған жоқ. Әлеуметтік жағдайды барлығымыз бақылауда ұстап отырамыз, – дейді мұнай компаниясы директорының орынбасары Бағдат Байділда.

Өзгелердің жаңалығы