Қошанов түркі мемлекеттері Парламенттерінің жастар тобымен кездесті

17 Маусым 2022, 20:32
1076
Бөлісу:
Қошанов түркі мемлекеттері Парламенттерінің жастар тобымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-сұлтан, 17 маусым, Мәжіліс Үйі. Бүгін Мәжіліс Спикері, ТүркПА-ның іс басындағы төрағасы Ерлан Қошанов жастар қанатының алғашқы отырысына қатысуға келген Жас парламентарийлермен кездесті.  

Бұл туралы Парламенті Мәжілісінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Мәжіліс Төрағасы өз сөзінде Қазақстан бастамасымен құрылған Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының маңыздылығына және түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығын тереңдету жолында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. 

Қошанов түркі мемлекеттері Парламенттерінің жастар тобымен кездесті

Е. Қошанов биыл елдеріміз арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толғанын айтып:

Қазіргі уақытта біздің мемлекеттер басшыларының күш-жігерінің арқасында елдер арасындағы қатынастар барлық салаларда өте жоғары деңгейде дамуда. Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев түркі мемлекеттерімен ынтымақтастықты нығайтуға ерекше көңіл бөледі, - деді.

Мәжіліс Төрағасы түркі елдері арасындағы тығыз байланысты тереңдетуде Парламенттердің рөлінің зор екенін алға тартып, жас парламентарийлер тобының құрылуы және олардың алғашқы отырысы түркі тамырластығы үшін тарихи оқиға деп бағалады.

Ерлан Қошанов жас депутаттарды Қазақстанда жүргізіліп саяси өзгерістер мен жақында өткен Республикалық референдумның маңыздылығы туралы хабардар етті.

Қошанов түркі мемлекеттері Парламенттерінің жастар тобымен кездесті

Жүздесуде әзербайжандық және түркиялық жас депутаттар сөз алып, жоғары деңгейдегі кездесу үшін ыстық ықыластарын білдіре келіп, елдеріміз арасындағы ынтымақтастық үшін жастық жігерлерін аяямайтындықтарын жеткізді. 

Жастар тобы алғашқы кездесулерінде «Балалар мен жастар – ақпараттық технология дәуіріндегі түркілердің болашағы» тақырыбында кең көлемде талқылау өткізбек. 

Өзгелердің жаңалығы