Алматыда 17 адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болған

17 Маусым 2022, 11:18
2624
Бөлісу:
Алматыда 17 адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болған
Фото: Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Прокуратура жедел медициналық көмектің қолжетімділігіне және оны Медеу ауданындағы «Алатау» ықшам ауданының тұрғындарына уақытылы көрсетілуіне талдау жүргізді.

Тұрғындар Медеу ауданы әкімі мен прокурорының халықпен кездесуінде кепілдендірілген медициналық көмекті уақытылы алу мәселесін көтерді.

Қазіргі уақытта «Алатауда» 18 мыңға жуық азамат тұрады, оған Алматы облысының бірқатар бау-бақша серіктестіктері қосылған.

Жедел медициналық көмек көрсету ережесі бойынша дәрігерлер бригадасы жедел медициналық көмек көрсетуді талап ететін өмірге тікелей қауіп төндіретін жағдайларда шақыртуды алған сәттен бастап 10 минутқа дейін келуі тиіс.

Алайда  прокурорлар ықшам ауданға ең жақын станция 20 шақырым жерде орналасқанын, бұл көбінесе кептелісті ескере отырып, фельдшерлердің келу уақытын кешіктіретінін анықтады.

Сонымен қатар талдау 2021 жылы аталған ықшам ауданның 17 тұрғыны жедел жәрдем көлігі келгенге дейін қайтыс болып кеткенін көрсетті. Медеу ауданының прокуратурасы осы проблеманы шешу үшін уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актісін енгізді. Бұл актіні қарау нәтижелері бойынша «Алатау» ықшам ауданында жеке жедел жәрдем станциясы ашылды, сондай-ақ 17 адамның қайтыс болу себептерін тергеу үшін арнайы комиссия құрылды, - делінген Алматы қаласы Прокуратурасы таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы