Алматы облысында техникалық тексерудің жалған операторлары анықталды

17 Маусым 2022, 21:45
1429
Бөлісу:
Алматы облысында техникалық тексерудің жалған операторлары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыртқы талдау барысында 4 жалған операторды анықтады. 

Олар 2021-2022 жылдар аралығында фотошопты пайдалана отырып, автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін өзгертіп жалған техникалық байқау жүргізген. 

«Жалған операторлардың» қызметін мемлекеттік мекемелер, білім беру объектілері және өзге де мекемелер пайдаланған. Бұл ретте техникалық байқау ешбір ғимаратсыз, аула-аумақсыз және жабдықсыз қашықтықтан «онлайн» форматта жасалғаны әшкереленді.

Тергеу мәліметіне сәйкес, көлікті  техникалық байқаудан өткізу үшін 25 минуттан аса уақыт жұмсалады. Орта есеппен, бір күнде оператор 30-ға жуық көлікті тексере алады. Алайда, «жалған операторлар» күніне 50-ден астам техбайқау өткізген, – деді облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Тимур Темірәлиев

Сондай-ақ, Антикоррупциялық қызмет өңірде 25 техникалық байқау өткізетін ғимараттардың мекен-жайлары да жалған болып шыққанын анықтады. Шын мәнінде техбайқау мекен-жайлары бойынша медициналық орталық, косметология, сұлулық салон, дүкендер мен кафелер орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы