Заңсыз балық аулаудың 640 дерегі анықталған

17 Маусым 2022, 12:16
1611
Бөлісу:
Заңсыз балық аулаудың 640 дерегі анықталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Сәуір мен мамыр айларында «Бекіре-2022» кең ауқымды балық қорғау акциясы өтті. 

Акция барысында Жайық, Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылық инспекциясының қызметкерлері  табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 640 дерегін анықтады. 392 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 61-і сот тәртібімен тартылды. Құқық бұзушыларға екі айда 8,3 млн теңге айыппұл салынды, - деді Бахиянов. 

Ол құқық бұзған адамдар бойынша бірнеше мысал келтірді. 

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінен заңсыз балық аулау деректерін атады. Заңсыз балық аулау бойынша Маңғыстаудың да тұрғындары ұсталған. 

Олар бойынша қылмыстық істер қозғалған. Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 

Балық қорғау қызметкерлері полициямен бірлесіп, базарларда заңсыз балық аулауға арналған торлар мен ауларды анықтау акциясын жүрігізді. Атыраудағы «Дина» базарында 59 синтетикалық тор тәркіленді. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Аян Бахиянов. 

Өзгелердің жаңалығы