Болат Анапияұлы: Ұлттық Құрылтай – идеологияға берік тұғыр болатын бірегей негіз

17 Маусым 2022, 00:00
1467
Бөлісу:
Болат Анапияұлы: Ұлттық Құрылтай – идеологияға берік тұғыр болатын бірегей негіз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлытаудағы Ұлттық Құрылтай талай адамның ой-ниетіне, мақсат-мұратына қанат бітірді. Болат Анапияұлы да Мемлекет басшысын, ел азаматтарын қолдап, әлеуметтік желіде пікір білдірді. 

Бұл – мәні тарихтың тұңғиығынан, сөзі бабалардың дуалы аузынан, қайнар көзі бірлік пен ынтымақты мұрат еткен даналықтың өзінен туған таза қазақи феномен. Халықтық бастама. Қолына қамшы ұстап, жол бастаған елтүзер әрбір азаматтың айтары мен көптің ойын ортаға тастары бар жасампаз институт. Қажет десеңіз, ұлттық идеологияға берік тұғыр болатын бірегей негіз. Ең маңыздысы, міне, осы!

Әрине, Құрылтайдың «бұрышсыз стөлінен» орнын тауып, қатарына қосылуға лайықты тұлғалар көп. Ол да болса, «сен тұр, мен атайын» деген асыл сүйекті азаматтарымыздың бар екенін, қазақтың ертеңінің зор екенін көрсетеді. Десе де, «қойшысы көп қосыннан, түйесі нар көш озар» деген. Сөзі көп жиыннан, шешімі нақты түйін артық. Ең бастысы - Құрылтайға мүшелік ету қатып қалған қағида емес, талқысына қарай ауысымы (ротация) бар әділ де ашық алаң. Ендеше, Ел Президенті айтқандай: «Бұл үлкен жұмыстың басы ғана!»

Олай болса, іске сәт! 

Лайым, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманның» басы осы болғай!

Өзгелердің жаңалығы