«Хабар» және «Қазақстан» арналарын қоғамдық телекорпорациялар айналдыру қажет - Байменов

17 Маусым 2022, 14:40
1641
Бөлісу:
«Хабар» және «Қазақстан» арналарын қоғамдық телекорпорациялар айналдыру қажет - Байменов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменов Құрылтайда сөйлеген сөзін facebook парақшасында жариялады. 

Атының өзі мүшелеріне салмақ жүктейтін Құрылтайдың тұңғыш отырысының ұлт болып ұйысуымызда ерекше орны бар қасиетті Ұлытауда өткізілуі жаңғыру жолындағы Қазақстанның ұлы дәстүрлер мұрагері екенін еске салып, жауапкершілік салмағын еселей түседі.Құрылтай құзырындағы жалпы ұлттық құндылықтарды айтқанда бірінші кезекте ел әлеуетін анықтайтын шешуші фактор - адами капиталға тоқталған жөн.Адамның тән саулығына жұтатын ауа, ішетін су, жейтін тағам сапасы қалай әсер етсе, жан саулығына алатын ақпарат пен білім де солай әсер етеді, - деді Байменов. 

Оның айтуынша, ал білім, ақпарат және еңбек арқылы қалыптасқан қабілет пен білік адами капиталға айналу үшін мемлекетте сенім, заң үстемдігі, меритократия және әділ бәсекелестік болуы шарт.

Жаһандану сынағына төтеп беру үшін біз жаңа технологияларды игерумен қатар ұлттық озық дәстүрлерімізді сақтап, әлемге қазақтың көзімен, ұлттық мүдде тұрғысынан қарауға қол жеткізуіміз қажет.Сондықтан қазақ тілінде және қазақ туралы заманауи формада ақпарат, білім, әдебиет көздерін қалыптастыру маңызды.Осы орайда, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың образын пайдаланатын компьютерлік ойындарға және комикстерге халықаралық бәйге жариялауды ұсынамын, - деді Әлихан Байменов. 

Оның айтуынша, қазақ «Сөз - көмек, тіл - құрал» дейді. Көмек - көлемді, құрал - заманауи болу үшін қазақ тілін қолдану аясын кеңейтумен қатар сөздік қорды жүйелі жаңғырту маңызды. 

Бұл істе тіпті бір миллиондай ғана халқы бар Эстонияның тәжірибесі де пайдаға асар еді. Ол елде эстон тілінде жаңа сөздерге ұлттық бәйге жарияланып, онлайн дауыс берумен анықталған жеңімпаздарды Президент марапаттайды.Барлық салада мемлекеттік тілге мәтін, видео, аудио өнімдерін аударуға және оларды заңдастыруға субсидия беру жүйесін қалыптастырып, одан басқа да шараларды қамтитын «Ұлттық білім қоры» мемлекеттік бағдарламасын қабылдау – уақыт талабы. «Хабар» және «Қазақстан» арналарын қоғамдық телекорпорациялар айналдыру қажет деп ойлаймын, - деді ол. 

Байменов атағандай, олардың басты мақсаты - ағарту болып, Директорлар кеңесіне зиялы қауым өкілдерімен қатар озық елдерде білім алып, еңбек еткен жастарды да қосқан абзал болар еді.

Әлемге қазақтың көзімен қарау үшін осы арналар жаһанның әр аймағында тілшілер ұстап, сол елдердегі Қазақстандық жастардың да әлеуетін пайдаланған жөн.Қоғамдық құндылықтар үшін бәсекелестікте отандық контент сапасымен қатар ақпараттық қауіпсіздік те маңызды. Біз бейбіт саясат мемлекетіміз. Пандемия денсаулықтың, ал қасіретті қаңтар мен Украинадағы соғыс бейбітшіліктің қадірін терең түсіндірді.Сол себепті Конституциямызға сәйкес, қай елден таратылса да, соғыс пен жауыздықты, ұлт пен мемлекетаралық өшпенділікті дәріптейтін телехабарларға Қазақстан аймағында тиым салынуы қажет, - деді ол. 

Байменовтың айтуынша, қазір ұлттық дәстүрдің жаңғыруымен қатар жастардың ата дінімізге бет бұрысы байқалады. 

Осыған орай ұлы бабаларымыз Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Яссауи, Абай мен Шәкәрім дәстүр, дін, ғылым, білім, еңбек арасындағы үйлесімді табу жолын аманаттап кеткенін ескеріп, Жаңа Қазақстанда осы үлгіні заманауи тәсілдермен жүзеге асырғанымыз жөн.Ал тарихтағы ақтаңдақтар санадағы ақтаңдақтарға айналатынын ескеріп, өткен жүйелер мен оқиғаларға әділ бағалау маңызды. Осы ретте тиісті Мемлекеттік комиссия Алаш қозғалысына саяси баға берсе, қоғамдық сана бір серпіліп қалар еді.Адами капитал дамуында экономикалық саясаттың орны ерекше.Мемлекет Басшысының демонополизацияға бағытталған батыл шешімдері қоғамдық психологияға да әсер етіп, алпауыттар елдің иесі - ұлт бар екенін сезе бастағандай, - деді ол. 

Байменов атағандай, референдум арқылы жер мен жер қойнауы иесі халық екені бекітілді. Енді жер қойнауын пайдалану контрактілерінің жария болуын міндеттейтін заң қажет.

Екіншіден, Үкімет осы күнге дейін беріліп келген салықтық, кедендік, тарифтік жеңілдіктер мен преференцияларға ревизия жасап, арнайы комиссия қайта шешім қабылдағанша олардың берілуін тоқтата тұрған дұрыс. Экономикада мемлекет үлесі азайып, әділ бәсекелестік орнығып, әлеуметтік лифттілердің жұмыс жасауы өз кезегінде еңбек пен білім құндылығын да көтерер еді. Бай мен кедей арасындағы алшақтықты азайтып әлеуметтік шиеленістердің алдын алуда Үкімет-Кәсіподақ-Жұмыс берушілер үшбұрышындағы тепе-теңдік маңызды. Әзірше бұл қисық үшбұрыш болып тұр. Егер ол түзеліп, әлеуметтік әріптестік қалыптасса, онда жалақы мөлшері, бейнеттің әділ бағалануы секілді өткір мәселелер ұжымдық және салалық келісімшартта шешілер еді.Адал еңбек абыройын көтеру үшін Еңбек күнін атап өтудің лайықты тұжырымдамасын жасап, оны жаңа биікке көтеру де маңызды. «Еститін мемлекет» концепциясы мен Дебюрократизация туралы жарлық қоғам мен бизнестің мемлекетке СЕНІМІН нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар сенім болуы үшін әділеттілік пен заң алдында баршаның теңдігі маңызды, - деі ол. 

Өзгелердің жаңалығы