Все новости за 10 маусым 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Таразда 70 шақты адам әлеуметтік дүкенге шабуыл жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Таразда 70 шақты адам әлеуметтік дүкенге шабуыл жасады. «Тараз» ӘКК баспасөз қызметкері Кирилл Бердецкий оқиғаның «Арай-2» шағын ауданындағы павильонда болғанын айтты.
-
Украинадан босып кеткен адам саны 7 миллионнан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы қақтығыс басталғалы 7 миллионнан астам украиналық шетелге босып кеткен. Бұл мәліметті Біріккен ұлттар ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы таратты, деп жазды Хабар24.
-
Ақтауда кәсіпқой бокс кеші өтеді
Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілші ¤Ақтауда кәсіпқой бокс кеші өтеді. «ADAL Promotions» промоутерлік компаниясы ұйымдасырған бокс кеші 11маусым күні бес жұлдызды қонақ үй аумағында ашық аспан астында өтеді. Бұл күні шаршы алаңға 8 боксшы шығады.
-
Назарбаев Университетінің түлектеріне 1394 ғылыми дәреже берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың 10 маусымында Назарбаев Университетінде студенттердің VIII оқу бітіру салтанаты өтті. Бұл Covid-2019-ға байланысты екі жылдық шектеулерден кейін университет кампусында түлектерге құрмет көрсетудің алғашқы рәсімі.
-
Шымкентте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала күніне орай «Арбат» алаңында жұмыссыз азаматтарға арналған «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Аталған іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.
-
Елордада қоғам мәселесін көтеретін қойылымның премьерасы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11-12 маусым күндері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры авторы Эдуард Олбидің «Зоопарк» психологиялық абсурд жанрындағы өзінің кезекті жаңа қойылымның премьерасын көрермен назарына ұсынады.
-
Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың шілдесінде қазақстандықтар екі мереке – Астана күні мен Құрбан айтты тойлайды.
-
Суға батқан қос баланы құтқарған полицей
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Погодаево ауылында орын алған оқиға Қазнетте кеңінен тараған болатын. Облыстық полиция департаментіне қарасты кинология орталығының инспекторы Ержан Қуанышев суға батқан қос баланы құтқарып қалды. Полиция кіші сержантының батыл әрекеті туралы Polisia.kz сайты.
-
Алматыда веложарыс өтеді
Алматы, BAQ.KZ. 2022 жылдың 12 маусымында Ұлттық ғылым академиясының жанында велоспорттан «Astana Motors Criterium» жарысы өтеді.
-
Ақтөбеде көз жұмған баланы иттердің талап тастағаны белгілі болды
Ақтөбе облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде кеше түнде денесі табылған баланы иттердің талап тастағаны белгілі болды.
-
«Дос-Мұқасан» тобының 55 жылдығына арналған көркем фильм көрерменге жол тартпақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл қазақ өнеріндегі шоқтығы биік бірегей музыкалық ұжымдардың бірі, атақты «Дос-Мұқасан» тобының құрылғанына – 55 жыл. Топтың атын арқалаған фильм жарты ғасырға жуық тарихы бар алғашқы ансамбльдің құрылу және қалыптасу хикаясын баяндайды.
-
Жетісу облысының әкімдігі қайда орналасатыны айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісу облысының әкімдігі Талдықорғандағы Неке сарайы ғимаратында орналасады. Бұл ақпаратты Алматы облысы әкімдігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
-
Үш адам өнеркәсіптік компанияның шахтасынан алтын рудасын ұрламақ болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы полиция бөліміне осы кәсіпорынның қызметкерлері хабарлады.
-
Президент «АрселорМиттал Теміртауда» қаза болған жұмысшылардың жақындарына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент «АрселорМиттал Теміртау» АҚ цехында қаза болған жұмысшылардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.
-
Қарағандыда IQala қалалық қызмет көрсету орталығы ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда коммуналдық қызметтердің халықпен және бизнеспен өзара іс-қимылын реттеу үшін IQala Қалалық қызметтер орталығын ашу жоспарлануда.
-
Алматыда ТМД Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы комитетің отырысы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отырысқа Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан Қорғаныс министрліктерінің және ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесі хатшылығының өкілдері қатысты.
-
Павлодарлық қан тамырлар хирургтері жаңа операция түрін меңгерді
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің қан тамырлар хирургтері кіші жамбас варикозын жою операциясын меңгерді. Жергілікті дәрігерлер үшін шеберлік сағатын Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 аурухананың мамандары өткізді.
-
Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында жаңа жіктеу кодтары пайдаланылады – ИИДМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ИИДМ Индустриялық даму комитетінің ұйымдастыруымен жер қойнауын пайдаланушыларды тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің Бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына көшіру мәселесіне арналған басқосу өтті.
-
Ауылының тұрғынын құтқарып қалған әкім марапатталды
Ақтөбе облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысында ауылының тұрғынын өлімнен құтқарып қалған округ әкімі марапатталды.
-
Нұржігітов Мойынқұм ауданындағы бірқатар нысанның жұмысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің Мойынқұм ауданына жұмыс сапары Ұланбел ауылдық округінен басталды. М. Әуезов атындағы орта мектептің жұмысымен танысқан аймақ басшысы оқу ордасын аралап көрді.
-
«АрселорМиттал Теміртау» цехында апат болып, 4 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 10 маусымда "Құрылысмет" ЖШС аумағында "АрселорМиттал Теміртау"АҚ қызметкерлері арасында қайғылы оқиға орын алды.
-
Төтенше жағдайлар министрлігі қатарына 148 жас офицер қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 10 маусымда Көкшетау қаласында Тәуелсіздік алаңында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қатарына 148 жас офицер қосылды, оның ішінде 6 лейтенант Қырғыз Республикасы үшін дайындалды.
-
Ұлттар лигасы: Бүгін Қазақстан футболшылары Беларусь құрамасымен кездеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан футболдан Ұлттар лигасы аясында кезекті ойынын өткізеді. Футболшыларымыз сырт алаңда Беларусь құрамасымен сайысқа түспек, деп жазады Vesti.kz.
-
МӘМС. Жеңілдікке ие 15 санаттың қатарына кімдер кіреді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне, 15 санатқа қатысты сауалдар жиі түседі. МӘМС-ке жарна төлеуден кімдер босатылған? Жеңілдікке ие 15 санат қатарында болу үшін қайда жүгіну керек? Осы және өзге де сұрақтарға қатысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалы директорының орынбасары Сандуғаш Болысбекова түсіндіріп берді.
-
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс спикері Президентке конституциялық реформаларды одан әрі жүзеге асыруға қатысты алдағы заң шығару жұмыстары жөнінде баяндады.
-
Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бойынша 2022 жылдың 11-13 маусымына арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК жариялады.
-
Ақтөбедегі бала өлімі. Полиция тергеуді бастады
Ақтөбе облысы. BAQ.KZ тілшісі. Кеше, 9 маусым күні Ақтөбе қаласындағы Есет батыр тұрғын алабында он екі жастағы баланың денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша баланы жыртқыш жануар талап тастауы мүмкін.
-
Төрт аяқты көмекшілер де тәртіпті сақтайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ит – бұл адамның досы ғана емес, сонымен қатар адал көмекші, кейде тіпті қылмыскерді іздей алатын, жасырылған есірткіні иіскеп тауып, қылмыскерді ұстап, хабар-ошарсыз кеткен адамды таба алатын әріптес те бола алады.
-
Жүрек орталығында аутотрансфузия бойынша шеберлік сабағы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Үздіксіз білім алу және шеберлік сабақтарға қатысу Жүрек орталығы қызметкерлерінің жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Жаңа білім мен халықаралық тәжірибе соңғы жетістіктерге қатар жүруге және отандық медицинаны дамытуға мүмкіндік береді. Осылайша, 2022 жылғы 7-8 маусымда Орталық қабырғасында кезекті шеберлік сабағы ұйымдастырылып, қатысушыларға аутотрансфузия жүйесі ұсынылды.
-
Алматыда суға батып бара жатқан жасөспірімді полиция құтқарып қалды
Алматы, BAQ.KZ. Жедел әрекет ету арнаулы жасағының (СОБР) жауынгері Есентай өзеніне суға батып бара жатқан 14 жастағы Романды құтқарып қалды.
-
Әлихан Смайылов Ресей Федерациясының вице-премьерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 маусымда Үкімет үйінде Премьер-министр Әлихан Смайылов РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчукпен кездесті.
-
Шымкентте ұландықтар адамды өлімнен арашалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте Ұлттық ұланның жауынгерлері өзіне-өзі қол жұмсамақ болған тұрғынды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Президент Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот жүйесінің қазіргі даму барысы туралы баяндалды.
-
Қайрат Сатыбалдыұлы мен Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы 1 айға ұзарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сот шешімімен Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдыұлын күзетпен ұстау мерзімі тағы созылды.
-
Елордада әлемге әйгілі балалар ортопеді туа бітті жамбас буынының шығуы бойынша 12 ота жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемге әйгілі балалар ортопеді Марк Эйдельман Нұр-Сұлтанға алғаш рет келді. Профессор №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасы базасында балалар арасындағы туа біткен жамбас буынының шығуы бойынша шеберлік сағатын өткізді. Тренинг аясында отандық және шетелдік дәрігерлер 12 ота жасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы болып Берік Бекмырзаұлы Солтанбаев тағайындалды.
-
Еліміз қазақ-француз экономикалық ынтымақтастығын тереңдетуге мүдделі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Француз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дидье Канесспен кездесті.
-
Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге тіркелу басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер қабылдау басталды. Тіркеу БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2022 жылғы 15 шілдеге дейін жүргізіледі.
-
Мемлекеттік тізілімге кіретін нысандар энергия үнемдеуі тиіс – Ерболат Бүксүкбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстандағы энергия тиімділігін арттыру» ЖІТ менеджері Ерболат Бүксүкбаев мәлімдеді.
-
Астық экспорттаушыларға қосымша құн салығы қалай қайтарылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.
-
«Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясының директоры тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК директоры лауазымына жарияланған ашық конкурс аяқталды.
-
Президент: Халықтың әл-ауқатын арттыру – алдымызда тұрған аса маңызды міндет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.
-
Энергия үнемдеу мен тиімділікті арттыру ұлттық экономикамызды дамытады - Бауыржан Смағұлов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институтының басқарма төрағасы Бауыржан Смағұлов мәлімдеді.
-
Бақыт Сұлтанов ТМД Экономикалық кеңесінің отырысында қандай мәселе көтерілгенін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің 94-ші отырысы өтті. Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов отырыстың қорытындысы бойынша журналистерге сұхбат берді.
-
«Ақын» фильмі Бразилияда өткен фестивальде үздік атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маусымның 1-9 аралығында Бразилияда өткен халықаралық Olhar de Cinema кинофестивалінің «Басқа көзқарастар» бағдарламасына қатысқан режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмі «Үздік фильм» жүлдесімен марапатталды.
-
«TALQYLAU» партиялық алаңында сарапшылар референдумның қорытындысын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «TALQYLAU» диалог алаңының кезекті отырысы өтті.
-
Елорданың шет аймақтарындағы 140 бала қосымша сабақ пен білім алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Cұлтан қаласының шетінде тұратын, өмірде қиын жағдайға тап болған отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында «Вirge Oqý» жобасы аясында жетекші педагогтердің қатысуымен «Елбасы Академиясы» КҚ академиялық қолдау көрсетілді.
-
Елордада ТМД Экономикалық кеңесінің 94-ші отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің 94-ші отырысы өтті.
-
Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полицейлері ірі жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
-
Республикада қолданылатын энергияның үштен бірі мыңға жуық ірі кәсіпорынға тиесілі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.
-
Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 124 доллардан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұнайдың әлемдік бағасы өсіп келеді. Бұған сауда-саттық деректері дәлел, деп хабарлады ҚазАқпарат.
-
Нәрестеңіздің не қалайтынын білгіңіз келсе...
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниеге жаңа келген нәрестесінің денсаулығы үшін алаңдамас ата-ана жоқ.
-
Испанияда орман өрті қалаға таяп қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияның оңтүстігіндегі Андалусия аймағында бірнеше күн бұрын басталған орман өрті дес бермей тұр, деп жазды Хабар24.
-
«Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге ақшалай төлем жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ауыр жарақаттанған 5 қызметкеріне және Қорғаныс министрлігі мен Республикалық ұланның әскери қызметшілеріне әрқайсысына 3 миллион теңгеден төлем жүргізді.
-
Елорда әуежайында қалыптасқан жағдайды арнайы құрылған комиссия тексереді – ИИДМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің БАҚ-тағы наразылығына орай жедел шаралар қабылдап, пікір білдірді.
-
Елдегі энергия аудиторларына тиісті мәртебе беріледі - Марат Қарабаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасының ресми аяқталуына арналған конференция барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.
-
Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері 41,9%-ға азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамырда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 30 500 мәміле тіркелді, сәуір айымен (52 520) салыстырғанда көрсеткіш 41,9% кеміді.
-
10 жыл ішінде әлеуметтік нысандар электр энергиясын 25%-ға үнемдеді
Бұл туралы «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасының ресми аяқталуына арналған конференция барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.
-
Қарағандылықтар сенбілікке шығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең 11 маусымда сенбілік өтеді. Бұл жолы қарағандылықтар Пришахтинскідегі орман ішін тазалайды.
-
АХҚО Astana Finance Days конференциясына тіркелуге шақырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Astana Finance Days жыл сайынғы конференциясына тіркелу ашылды.
-
Жезқазғанда тырысқаққа күдікті жағдайлар тіркелген жоқ – Санитариялық бақылау комитеті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті, Қарағанды облысында әлеуметтік желілерде және WhatsApp арқылы тырысқақпен сырқаттанушылық тіркеліп, қаланың су айдындарына тырысқақ вибрионы бөліну туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
-
Асқар Үмбетәлиев Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әділет министрінің бұйрығымен Асқар Ерболатұлы Үмбетәлиев Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды.
-
АҚШ-та атыстан тағы 3 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Мэриленд штатында атыс болып, 3 адам көз жұмды. Тағы 1 кісі жарақат алды, деп жазды Хабар24.
-
Нұр-Сұлтанда апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 маусымнан 5 қарашаға дейін елордада әр демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді. Оған 40-тан астам жергілікті кәсіпкер мен өңірлердің өндірушілері қатысады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Алматы полициясы байкерлерді бақылауға көшті
Алматы, BAQ.KZ. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және тиісті жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың 8 маусымы мен 12 маусым аралығында мотоцикл жүргізушілерінің ЖҚЕ бұзу деректерін анықтау үшін қала жолдарында рейдтік іс-шара басталды.
-
Марат Шоранов қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкіметтің қаулысымен Марат Шоранов денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды.
-
Дәрігер: Адам өмірі бәрінен қымбат, әр сапарымыз – біреудің өмірі
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жедел жәрдем бригадасына шұғыл көмек көрсетудің бірінші санаты бойынша ауыр науқасқа жету үшін 10 минут қана уақыт беріледі.
-
Франциядан келген кардиолог Алматыда тәжірибесімен бөлісті
Алматы, BAQ.KZ. КІА ҒЗИ-де Франциядан келген маманның қатысуымен «Перфузия және жасанды қанайналым саласындағы инновациялар» тақырыбында шеберлік-сағаты өтті.
-
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 6,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 434 кәсіпорнында 8,8 мың жұмыскердің алдында 1 млрд 996 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.
-
Мүшайра мәреге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің қолдауымен астананың шаңырақ көтеріп, босаға бекіткеніне 25 жыл толуына орай Сәкен Сейфуллин музейі жариялаған Республикалық аламан жыр бәйгесі мәреге жетті.
-
Бірқатар өңірде коммуналдық қызметтердің тарифі төмендетілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің 7 өңірінде 2022 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша жалпы сомасы шамамен 4,3 млрд теңгеге төмендетілген тарифтер бекітілді.
-
Шымкентте 45,7 млн теңге жымқырған балабақша басшыларына қатысты іс қозғалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМА Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен балабақша меңгерушілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
-
Еліміздің 12 өңірінде «Стелс-Омикрон» штамы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «Стелс-Омикрон» штамын анықтады.
-
Смайылов J.P. Morgan және TotalEnergies басшыларымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші пленарлық отырысы аясында J.P. Morgan инвестициялық банкі мен TotalEnergies SE француз мұнай-газ компаниясы өкілдерімен кездесті.
-
Қарағандыда «Объективте-Қарағанды» фотокросы өтті
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 9 маусым күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Объективте-Қарағанды» библитфотокросс өтті.
-
Қостанай облысында жас спортшылар марапатталды
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай облыстық балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерві мектебінің бір топ үздік жас спортшысы көрсеткен жетістіктері үшін түрлі марапатқа ие болды.
-
Жол үстінде жолаушы. Ақтөбе облысында қандай жолдар жөнделіп жатыр?
Ақтөбе облысы, BAQ.KZ тілшісі. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ журналистерге ұйымдастырған баспасөз туры аясында Ақтөбе облысында жолдардың жөнделіп, қайта жаңғыртудан өтіп жатқанына куә болдық.
-
"Грэммиге" жаңа бес номинация қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық дыбыс жазу академиясы 2023 жылы берілетін "Грэммидің" бес жаңа номинациясын жариялады, деп хабарлайды шараның ресми сайты.
-
Қазақстандағы конституциялық референдумның қорытындысы бойынша Лондонда брифинг өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінде ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу мәселесі жөніндегі республикалық референдумның қорытындылары бойынша британиялық және шетелдік БАҚ өкілдері үшін брифинг өтті.
-
Жауын, бұршақ, жел - жұмаға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 10 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
"Емтихан тапсырмай диплом аласың". Шымкентте алаяқ әйел сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
ШҚО-да жарты жылда 43 адам жол апатынан қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері ШҚО-дағы тас жолдарда 240 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол апатынан 338 адам жарақат алып, 43 адам қаза тапты, деп хабарлайды Altaynews.
-
Бокс жұлдыздарының бәрін нокаутқа түсіргім келеді – Әлімханұлы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның орта салмақтағы кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарды нокаутқа түсірген уақытта ғана жеңісін тойлайтынын айтты.
-
Алматыда ер адамды пойыз басып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам "Алматы-1" және "Алматы-2" станциялары арасындағы учаскеде белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өткен.
-
Панасыздар орталығындағы 14 адамның кәсіпкер екені анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында әлеуметтік орталықтарды паналаған 14 адам кәсіпкер ретінде тіркелген.
-
Таиланд марихуананы заңдастырып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таиланд марихуананы қылмыс деп танымайтын Азиядағы алғашқы ел атанбақшы, бірақ бұл заңның туристерге қатысы жоқ, деп хабарлайды Breitbart News басылымы.
-
Ақтауда кәріз құдығынан шала туған нәрестенің денесі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шала туылған нәрестенің денесі 32-ші ықшам ауданындағы кәріз құдығынан табылған.
-
Моңғолияның тұңғыш олимпиада чемпионы 16 жылға сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия тарихындағы тұңғыш олимпиада чемпионы Найдан Түвшинбаяр 16жылға сотталды.
Наверх