Республикада қолданылатын энергияның үштен бірі мыңға жуық ірі кәсіпорынға тиесілі

10 Маусым 2022, 14:21
1695
Бөлісу:
Республикада қолданылатын энергияның үштен бірі мыңға жуық ірі кәсіпорынға тиесілі
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев мәлімдеді. 

Сондай-ақ ол ел аумағында тұтынылатын бүкіл энергияның үштен бірін 928 кәсіпорын қолданады деп отыр. 

Егер энергия сыйымдылықты төмендетуге қатысты экономиканың секторы туралы айтар болсақ, үлкен көрсеткіштер 47%-бен өнеркәсіп саласында тіркеліп отыр. Сонымен қатар еліміздегі энергияны тұтынудың 43%-ы ТҮКШ ғимараттарының секторына тиесілі. Оның үстіне, бұл жаңа бағыт. Осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмыз. ЖІӨ энергиясыйымдылығын төмендету мақсатында энергия үнемдеу мен энергиятиімділікті арттыру бойынша заң жобасы әзірленді. Ол Мәжілістен өтіп, Сенаттың қарауына жіберілді, - деді вице-министр. 

Айтуынша, аталған заңнамада жаңа іс-шаралар мен жаңа түсініктер қарастырылған. 

Мысалы, бүкіл ел аумағында тұтынылатын энергияның үштен бірі көбінесе өнеркәсіп саласындағы 928 ірі кәсіпорындардың үлесіне сәйкес келіп отыр. Заң жобасы арқылы жекеменшік сектордың бүкіл субъектілерінде жаңа штаттық бірлік – энергия үнемдеу мәселелері мен энергиятиімділікті арттыру бойынша жауапты тұлға енгізіледі, - деді Марат Қарабаев.

Өзгелердің жаңалығы