Панасыздар орталығындағы 14 адамның кәсіпкер екені анықталды

10 Маусым 2022, 03:18
1391
Бөлісу:
Панасыздар орталығындағы 14 адамның кәсіпкер екені анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында әлеуметтік орталықтарды паналаған 14 адам кәсіпкер ретінде тіркелген.

Алматы ауданы прокуртурасы тексеру барысында орталықты паналаған 14 адамның 800 миллион теңге көлемінде табыс табатын кәсіпкер екенін анықтаған.

Алайда олардың өзі бұл "байлық" жөнінен хабарсыз. Орталық тұрғындары бизнеске еш қатысы жоқтығын айтқан. Олардың үшеуі тіпті І және ІІ топ мүгедегі.

Құжатта есімі көрсетілген адамдардың өткен жыл мен осы жылдың сәуір айлары аралығындағы ақша айналымы 800 миллион теңгені құраған.

Қазіргі күні іс материалы экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы