Энергия үнемдеу мен тиімділікті арттыру ұлттық экономикамызды дамытады - Бауыржан Смағұлов

10 Маусым 2022, 14:57
2047
Бөлісу:
Энергия үнемдеу мен тиімділікті арттыру ұлттық экономикамызды дамытады - Бауыржан Смағұлов
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институтының басқарма төрағасы Бауыржан Смағұлов мәлімдеді. 

Энергия үнемдеу мен энергиятиімділікті арттырудағы негізгі мақсат – еліміздің ұлттық экономикасын дамыту. Бұл жердегі стратегиялық көздегені – 20 жылға қарай ЖІӨ энергиясыйымдылықты 25%-ға, ал 2050 жылға қарай 50%-ға азайту. Дүниежүзілік банк жүргізген талдау деректеріне сүйенсек, 2014-2020 жылдар аралығында энергиясыйымдылық 11%-ға төмендеген. Энергиясыйымдылықты төмендетудің бірнеше құралы бар. Оның ең бастысы 2012 жылы қабылданған энергия үнемдеуге қатысты заң жобасы. Аталған заңға биыл түзетулер енгізілді, - деп атап өтті Бауыржан Смағұлов «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасының ресми аяқталуына арналған конференциядан берген сұхбатында. 

Біздің министрлік (ИИДМ - авт.) Дүниежүзілік банкпен бірлесіп елдегі балабақша, мектеп, аурухана сынды әлеуметтік нысандарды энергиялық жаңғыртуды қолға алды.  Республика аумағы бойынша 96 жоба іске асырылды. Біріншіден, энергия аудитін тартудың алгоритмі енгізілді. Одан кейін ғимараттағы олқы тұстар анықталады. Нәтижесінде біз энергия ресурстарын тұтынудың 30-40%-ға төмендегенін байқадық. Сол арқылы қоршаған ортаға шығарылатын қалдықтар азайды. Бюджеттік шығындар қысқарды. Қосымша екі мың жұмыс орны ашылды. 85%-да қазақстандық құрылыс материалдары қолданылды. Байқап отырғандарыңыздай, бұл елдің экономикасы үшін тиімді, - деді басқарма төрағасы. 

Айтуынша, пилоттық жоба ретінде іске асырылған бағдарлама аяқталған. ИИДМ Дүниежүзілік банкпен бірлесіп аталған жобаны әрі қарай жалғастыру үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. 

Өзгелердің жаңалығы